Сабақтың жоспары
Мақсат, міндет және тәрбиелік бағдар
Мақсаты
1930-жылдардағы кеңестік қоғамда орныққан саяси режимге сипаттама беру; мемлекеттің жеке адам үстінен абсолюттік билік орнатуы нәтижесінде қалыптасқан тоталитарлық тәртіптің мәнін және зиялы қауымды жаппай қудалаудың тарихи салдарын ашып көрсету.
Міндеттері (білімділік, дамытушылық)
- Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделінің орнығуын түсіндіру және 1920–1930 жылдардағы үздіксіз саяси қудалау шараларының эволюциясын көрсету.
- Салыстыру, талдау дағдыларын дамыту; ойды еркін жеткізу мәдениетін қалыптастыру; пәнге қызығушылықты арттыру арқылы ізденімпаздық пен шығармашылық қабілетті күшейту.
Тәрбиелік бағыты
Ел тарихын және рухани құндылықтарды құрметтеуге, ұлтжандылық пен саяси саналылыққа баулу; қазақ халқының тарихи тағдырына азаматтық жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Білімді қабылдауға даярлау
Сабақ ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарының толықтығын және сабаққа дайындығын қадағалау жүргізіледі.
Дәйексөз
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
«Миға шабуыл»: сөзжұмбақ арқылы тақырыпты анықтау
12 сұрақ| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | 1921 жылы қай жерде жер реформасы жүргізілді? | Жетісу |
| 2 | 1921 жылы қандай одақ құрылды? | Қосшы |
| 3 | Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері қай облысқа біріктірілді? | Торғай |
| 4 | 1924 жылы 1 қаңтарда қандай салық енгізілді? | Ақша |
| 5 | Қосшы одағы жетекшілерінің бірі. | Жангелдин |
| 6 | Түркістан комсомолы Орталық комитеті Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы? | Ғани |
| 7 | 1920 жылы 17 сәуірде В. И. Ленинге хат жолдап, Қазақ елін билеудің екі жолын ұсынған қайраткер. | Байтұрсынов |
| 8 | Ақмола губерниясында қандай жәрмеңке ашылды? | Атбасар |
| 9 | 1922 жылы Ә. Жангелдин бастаған қандай экспедиция жүргізілді? | Қызылкеруен |
| 10 | Қай зауыт 1923 жылы одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берді? | Риддер |
| 11 | 1918–1920 жж. қандай соғыс болды? | Азамат |
| 12 | Оңтүстік Қазақстанда мақта өсіретін қандай совхоз құрылды? | Мақтарал |
Осы тапсырмадан кейін «тоталитаризм» ұғымына қысқаша анықтама беріліп, сабақтың жаңа тақырыбы мен жоспары таныстырылады.
Жаңа білімді меңгерту: сабақ жоспары
1) Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сызба арқылы ұжымдастырудың себеп-салдары талданады. Негізгі назар қоғам өміріне түскен қысымға және әлеуметтік күйзелістерге аударылады.
- Ашаршылық туралы бейнесюжет көрсету.
- Татьяна Неводовская туралы мәлімет және «Қазақстан қасіреті» өлеңін оқу.
- Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» тарихи драмасынан көрініс.
2) Сталиндік «казармалық социализм»
Оқушылар сталинизмнің орнығу тетіктерін, жазалау шараларының күшеюін және қоғамдағы үрей атмосферасының қалыптасуын талдайды.
Репрессия тақырыбы бойынша бейнесюжет көрсетіледі, кейін талқылау жүргізіледі.
3) Қазақстан — лагерьлер өлкесі
Қазақстан аумағындағы лагерьлер жүйесі туралы деректер жинақталып, олардың саяси қуғын-сүргін механизміндегі орны түсіндіріледі.
Негізгі ұғымдар: қуғын-сүргін, лагерь жүйесі, мемлекеттік бақылау.
Бекіту: ашық тест тапсырмалары
Төмендегі тұжырымдарды талқылап, нақты дерекпен дәлелдеңіз немесе түзетіңіз.
-
1
1925–1933 жж. Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы — Ф. И. Голощекин.
-
2
«Кіші Қазан» курсының қарсыластары өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату идеясын ұсынды.
-
3
1929 жылы Қазақстанда мал саны 40,5 млн басқа жеткізілді.
-
4
Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстан халқы 6,2 млн адам болды; ашаршылық салдарынан 2,1 млн адам қаза тапты.
-
5
1933 жылы наурызда ұжымдастыру нәтижесінде болған апаттың ауқымы туралы И. В. Сталинге Т. Рысқұлов хат жазды.
-
6
Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволюциялық жолмен, біртіндеп көшіру қажеттігін негіздеді.
-
7
Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлері қарсы шықты.
-
8
1932 жылы шілдеде аштық апаты және оның себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды.
-
9
1930–1932 жж. мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, аштық жайлады.
-
10
1930–1932 жылдардағы аштық тарихқа «Ұлы жұт» ретінде енді.