Сабақ әдісі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Present Simple

Мақсаты

  • Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, Present Simple шақты дұрыс қолдануға үйрету.
  • Есте сақтау мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі

Сұрақ–жауап

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі

Грамматикалық ереже

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Қатысушыларды белгілеу

II. Тақырыппен таныстыру

The theme of our lesson is “Present Simple”.

III. Жаңа сабақ: Present Simple

Present Simple қолданылатын жағдайлар:

1) Әдеттер мен тұрақты әрекеттер туралы айту үшін

  • He talks about cars all the time.
  • I don’t drink coffee in the evening.

2) Жалпы фактілерді білдіру үшін

  • It gets dark early here in winter.
  • Sharks don’t often attack people.

Present Simple жиі қолданылатын (state) етістіктер:

agree, believe, belong, forget, hate, know, like, mean, own, remember, seem, suppose, understand, want

Қазақ тілімен байланысы

Present Simple қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен сәйкес келеді. Ауыспалы осы шақ күнделікті және қалыпты іс-әрекеттерді сипаттағанда қолданылады.

Күнделікті әрекеттердің мысалдары

Күн сайын орындалатын әрекеттер: get up (ұйқыдан тұру), wash up (жуыну), go (жүру). Мұндай әрекеттер күнделікті режимде және кесте бойынша тұрақты қайталанатындықтан, Present Simple арқылы беріледі.

Мысал сөйлем

I get up at 7 o’clock.

Мен сағат 7-де ұйқыдан тұрамын.

Ескерту

Сонымен қатар, to be және do етістіктерінің Present Simple шақтағы жіктелуін қайталап, сөйлем құрауда дұрыс қолдануға назар аударылады.