Ағылшын тілі 6 сыныпТақырыбы
Тақырып: Sights of Kazakhstan (Қазақстанның көрнекті жерлері)
Бұл сабақ жоспары оқушыларды Қазақстанның көрнекті жерлері мен қалаларымен таныстырып, грамматикалық тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мақсаты
- Оқушыларды Қазақстанның көрнекті жерлері мен қалаларымен таныстыру.
- Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу, оқу және жазу қабілеттерін дамыту.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Білімге қызығушылығын арттырып, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Грамматикалық материал
Present Perfect (жедел өткен шақ)
Оқушылар Present Perfect шақ формасын қолданып сөйлем құрастырады.
There is / There are құрылымы
Құрылымды пайдаланып Қазақстандағы нысандарды сипаттайды.
Күтілетін нәтиже
- Қазақстанның көрнекті жерлерін біледі.
- Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгереді.
- Present Perfect шақта сөйлемдер құрай алады.
- There is / There are құрылымын қолданып, Қазақстандағы көрнекті жерлерді атай алады.
- Мәтінмен жұмыс жасай алады және тілдік тосқауылды жеңуге қадам жасайды.
Қажетті ресурстар
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, таратпалар, бағалау плакаты.
Көрнекіліктер
Плакаттар, маркерлер, стикерлер.
Тілдік қолдау
Фонетикалық тапсырмалар, тірек сөздер, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың барысы (уақыт бөлінісімен)
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут- Сыныпты ұйымдастырады.
- Тақтадағы жаңылтпашты оқытады.
- Топтарға сұрақтар қояды.
Ой қозғау және үй жұмысын тексеру
10 минутСұрақ:
«Қазақстанның көрнекті жерлері туралы не білесіңдер?»
Оқушыларға плакат пен маркерлер таратылады, жауаптары топта талқыланып, постерге түсіріледі.
Тұсаукесер
10 минутИнтерактивті тақта арқылы Қазақстандағы таңғажайып жерлер мен қалалар көрсетіледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, негізгі ұғымдарды бекітеді.
Тапсырмалар
10 минутExercise 2
There is / There are құрылымын қолданып сөйлем құрастырыңдар.
Дұрыс орындаған оқушыға қызыл стикер беріледі.
Exercise 3
Present Perfect шағында сөйлемдер құрастырыңдар.
Дұрыс орындаған оқушыға жасыл стикер беріледі.
Exercise 4
Қазақстандағы қалалар мен атақты орындарды атаңдар.
Дұрыс орындаған оқушыға сары стикер беріледі.
Топтық әрекет
Келесі топқа сұрақ қойыңдар.
Музыкалық үзіліс
2 минут“Good bye” әнін бірге орындайды.
Қорытындылау және рефлексия
5 минутI knew
Бүгін қандай білімім бар екенін белгіледім.
I want to know
Қандай сұрақтарым бар екенін анықтадым.
I have known
Сабақ соңында нені үйренгенімді жинақтадым.
Үй тапсырмасы
2 минут- Мәтінді мазмұндау (retell the text).
- АҚШ-тың көрнекті жерлері туралы ақпарат табу (find information about the sights of the USA).
Бағалау
1 минутОқушылардың жинаған стикерлеріне сүйене отырып, жалпы бағасы қойылады.
Автор туралы
Мұғалім
Ноғаева Лаззат Әскербекқызы
Мектеп
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Т. Айтжанов атындағы жалпы орта мектеп