Бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова Махаббат БейсенбаевнаСабақтың тақырыбы

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Дауренбекова Махаббат Бейсенбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы сандарды салыстыру

Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы ойлауды жүйелеу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Үш таңбалы сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
  • Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру.
  • Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Дамытушылық

  • Кері есеп құрастыру дағдыларын жетілдіру.
  • Тиімді тәсілді таңдай білу қабілетін дамыту.
  • Тез есептеу машығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Көркем әрі таза жазуға баулу.
  • Өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушы меңгереді

  • Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
  • Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы есеп шығаруды жүйелеу.

Құзыреттер дамиды

  • Топта және жұпта жұмыс істеу.
  • Өзара бағалау және кері байланыс беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

3 минут

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық жүргізу.
  • Сабаққа әзірлікті тексеру, оқу құралдарын дайындау.
  • Дайындалған суреттер арқылы топқа бөлу: I топ — шаршы, II топ — тіктөртбұрыш, III топ — шеңбер.

II. Үй тапсырмасын тексеру

7 минут

Талдау

Үй тапсырмасы 2–3 оқушының жұмысы арқылы талданады. Оқушылар жұппен жұмыс істейді және берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Соңында жұптар бір-бірін өзара бағалайды.

Топтық тапсырмалар

I топ

258, 359, 845, 745

II топ

458, 213, 523, 120

III топ

475, 861, 235, 841

III. Көркем жазу және тақырыпқа кіріспе

Дәптермен жұмыс

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Қаламсапты дұрыс ұстау және дұрыс отыру талаптары ескертіледі.

Жаттығу: 5, 9, 7 цифрлары

5, 9, 7 цифрларын пайдаланып, қанша үш таңбалы сан құрастыруға болады?

597 957 759 579 975

Осы сандардың ішінен ең үлкенін және ең кішісін тап, кейін оларды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз:

579 = 500 + 70 + 9

975 = 900 + 70 + 5

IV. Жаңа сабақ

5 минут

Электронды оқулықты пайдаланып, оқушыларға үш таңбалы сандарды салыстыру жолдары түсіндіріледі. Негізгі назар разрядтар бойынша салыстыруға және дәлелдеуге бағытталады.