Рахмет балалар
Сабақтың жалпы мәліметтері
Білім саласы
Таным, Қатынас
Бөлімі
Математика, көркем әдебиет
Тақырыбы
Математика – ертегілер әлемінде
Мақсаты
- Театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйрету.
- Пішіндерді, сандарды тану және кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Адамгершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Ертегі кейіпкерлері
- Үйшік (макет)
- Геометриялық пішіндер
- Сандар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап
- Әңгімелеу
- Жеке жұмыс
- Ойын
Билингвистикалық компоненттер
Ертегі
сказка
Үйшік
домик
Іс-әрекет кезеңдері
Сабақ ертегі кейіпкерлері арқылы математика ұғымдарын бекітуге бағытталады: сан, өлшем, салыстыру, кеңістікті бағдарлау, реттілік және логикалық ойлау.
1) Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанады достарым
Арайлап атқан күнге.
Сәлем, достар!
Сұрақтар
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Ертегі туралы ән білесіңдер ме?
«Ертегілер» әнін тыңдап, ертегілер әлеміне саяхатқа аттанамыз.
2) Ертегі әлеміне саяхат: «Маша мен аюлар»
Бағдарлау сұрақтары
- Орман ішінен қандай дыбыстар естіледі?
- Біз қандай кейіпкерлерді көріп тұрмыз? Бұл қай ертегі?
- Неше аю отыр? Санап көрейік.
- Аюлардың бәрі бірдей ме? Үлкен, орташа, ең кішкентай аюды көрсет.
- Маша қай орындыққа отырды?
- Машаға қандай ыдыспен тамақ ішкен ұнады?
- Үлкен аюдың, орташа аюдың алдында қандай тостаған тұр?
- Неше төсек бар?
- Кішкентай аюды өз төсегіне жатқыз.
- Үлкен төсекке кім жатады?
- Маша қай төсекте ұйықтағанды ұнатты?
Бұл бөлімде балалар санау, салыстыру (үлкен–орташа–кіші) және кеңістікте бағдарлау дағдыларын қолданады.
3) Ертегі әлеміне саяхат: «Шалқан»
Талқылау және рет-ретімен орналастыру
- Алдымыздағы кейіпкерлер қай ертегіден?
- Шалқан қандай болып өсіпті?
- Шалқанды кім тартып тұр?
- Қыз кімнің артында тұр? Қыздың алдында кім тұр? Қыздың артында не тұр?
- Күшіктің алдында кім тұр?
- Неше жануар бар?
- Ең соңында кім/не тұр?
- Барлығы бірігіп нені тартып алды?
Тапсырмалар балалардың реттілік, «алды–артында» ұғымдары және бірлескен әрекет туралы түсінігін бекітеді.
4) Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпандап,
Көжегі екен өзінің.
5) «Үйшік» ертегісі арқылы пішіндер мен сандар
Балалар, қараңдаршы: қандай әдемі үйшік тұр! Бұл үйшікте кім тұрады деп ойлайсыңдар?
Есімізге салайық: «ертегі» сөзін орыс тілінде «сказка» дейміз, ал «үйшік» — «домик».
Оқиға желісі
Ерте, ерте, ертеде орман ішінде әдемі үйшік болыпты. Бір күні үшбұрыш келе жатып үйшікті көреді. Ары-бері қарап, есікті қағады: «Тоқ, тоқ, тоқ». Есікті ешкім ашпайды. Сөйтіп, үшбұрыш үйшікте өзі тұрып қалады.
Сұрақ
Үшбұрыштың түсі қандай?
Тапсырма 1: Құлыптың кілтін тап
Бір кезде тағы да «Тоқ, тоқ, тоқ» деген дыбыс естіледі. Бұл — дөңгелек. Ол бірге тұруға рұқсат сұрайды. Үшбұрыш: «Шартымды орындасаң, кіргіземін» дейді.
Шарт
Құлыптың кілтін тап.
Дөңгелек кілтін таба алмайды. Балалар пішіндер мен түстерді сәйкестендіріп, кілтті табуға көмектеседі. Рахмет! Енді дөңгелек те үйшікте тұрады.
Тапсырма 2: Вагондардың дөңгелегін орналастыр
Тағы да «Тоқ, тоқ, тоқ». Бұл — төртбұрыш. Ол да бірге тұрғысы келеді. Үйшіктегілер: «Шартты орындасаң, кіргіземіз» дейді.
Шарт
Вагондардың дөңгелектерін дұрыс орналастыр.
Төртбұрыш қиналады. Балалар көмектеседі. Рахмет! Енді төртбұрыш та достарына қосылады.
Тапсырма 3: Сандарды ретімен орналастыр
Келесі келген — сопақша. Ол да үйшікке кіруге рұқсат сұрайды.
Шарт
Сандарды ретімен орналастыр.
Балалар көмектеседі. Сөйтіп, барлық пішіндер тату-тәтті дос болып, бір үйшікте бірге тұрады.
Тапсырма 4: Сіріңке шиінен құрастыр
Соңғы рет «Тоқ, тоқ» деген дыбыс естіледі. Жаңа қонақ: «Мен де сендермен бірге тұрайыншы» дейді.
Шарт
Сіріңке шиінен әртүрлі пішіндер мен заттарды құрастыр.
6) Саусақ жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қоссақ екеуін бірге,
Шығады екен он саусақ.
7) Логикалық есептер
Есеп 1
Табақта үш алма бар. Екеуін апама бердім. Табақта неше алма қалды?
Есеп 2
Ағашта төрт алмұрт өсіп тұр. Екі алмұрт жерге түсті. Ағашта неше алмұрт қалды?
Қорытынды сұрақ: балалар, бүгінгі ертегілер әлеміне жасаған саяхат сендерге ұнады ма?