Шұбар тауық
Тақырыбы: Шұбар тауық
Мақсаты
- Сөздік қорды молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
- Қамқорлыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар
- Демонстрациялық көрнекіліктер
- Суреттер мен материалдар (тауық, жұмыртқа, қауырсын)
Сөздік жұмыс
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік:
Еліміз аман болсын!
Анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Әңгімелесу сұрақтары
- Балалар, бүгін күн қандай?
- Күн ашық па?
- Жылдың қай мезгілі?
Өлең: «Шұбар тауық»
Шұбар тауық туралы өлең оқылады:
Шұбар тауық мүлдем Жолатпайды барса. Ұясында жүрген Балапаны қанша? Балапанын тауық Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған.
Ұ. Есдәулетов
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Көрнекілікті көрсету
Балалар, сендер білесіңдер ме? Тауықтар әртүрлі түсті болады: ақ түсті, қызыл түсті және шұбар ала түсті.
Ертегі: «Шұбар тауық»
Мен сендерге «Шұбар тауық» ертегісін әңгімелеп беремін.
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әрең көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты.
Бір күні тауық алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ жара алмапты. Әжей де ұрып-ұрып, жара алмапты.
Сол кезде бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті. Жұмыртқа жерге түсіп, жарылып қалыпты.
Атай мен әжей жылапты. Сонда тауық оларды былай деп жұбатыпты:
«Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін».
Талқылау
Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
Ендеше шұбар тауықтан алынған қауырсынмен «Қауырсынды үрлеу» ойынын ойнайық.
Ойын: «Қауырсынды үрлеу»
Мақсаты
Демді дұрыс шығарып, тыныс алуды дамыту және жаңа сөздерді бекіту.
Тапсырма
Қауырсынды абайлап үрлеп, оны жерге түсірмей мүмкіндігінше ұзақ уақыт ауада ұстап тұру.
Ескерту: Матін редакцияланып, орфографиясы мен тыныс белгілері түзетілді.