Отан деген сөзге сөйлем құрау

СА

Ашық сабақ · Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «О» дыбысы және әрпі

Сабақ түрі: саяхат сабақ Әдістер: сұрақ-жауап, жұмбақ Көрнекілік: мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба-кесте

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Құрамында «О» дыбысы бар сөздерді талдау.
  • «О» дыбысын дұрыс дыбыстату, оның таңбасын және әрпін таныстыру.
  • «О» дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрату.

2) Дамытушылық

  • Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Еңбекке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару, өткен материалды еске түсіру.

Жылы лебіз айту

  • Аспанымыз ашық болсын.
  • Еліміз аман болсын.
  • Деніміз сау болсын.
  • Берекеміз арта берсін.

II. Өткен сабақты пысықтау

Алдыңғы сабақта өткен дыбыстарды қайталау және сұрақтарға жауап беру.

Қайталау

  • А дыбысы — дауысты.
  • Т дыбысы — дауыссыз.

Сұрақтар

  • Дауысты дыбыстар қандай белгімен белгіленеді?
  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • А дыбысынан басталатын сөздерді ата.
  • Т дыбысынан басталатын сөздерді ойлап тап.

III. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

IV. Жаңа сабақ: «О» дыбысы және әрпі

Бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа «Білім көлігімен» аттанайық.

I

Жолдағы тапсырма: қасқырдың сұрақтары

Қасқыр бізді өткізу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

  • Біздің еліміз қалай аталады? Қазақстан.
  • Біздің рәміздеріміз қандай? Ту, Елтаңба, Әнұран.
  • Туымыздың түсі қандай?
  • Елтаңбада не бейнеленген?
  • Біздің Президентіміздің аты-жөні кім?
  • Санамақ айтып бер.
II

Келесі тапсырма: түлкінің суреттері

Түлкі бірнеше сурет көрсетеді. Суреттердегі сөздерден алғашқы дыбысты табамыз.

Негізгі байқау

  • Бұл сөздерде бірінші қандай дыбыс естіледі? «О».
  • «О» дыбысы қалай айтылады? Дауысты дыбыс.
  • «О» дыбысынан басталатын сөздер ойлап табу.
  • Сөздерді буынға бөліп айту.
  • Осы сөздермен сөйлем құрау.
  • «Отан» сөзіне сөйлем құрау.
  • Отан туралы тақпақ айту.

Отан туралы тақпақ

Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана,
Отан — үлкен Қазақстан, туған ел.

Сөйтіп, «Әріптер бағына» саяхатымызды аяқтап, өз мекенімізге аман-есен ораламыз.

V. Бекіту

Әліппе-дәптермен жұмыс: «О» дыбысы мен әрпін жазу, сөздерді талдау тапсырмалары.

VI. Қорытынды

Сабаққа белсенді қатысқан балаларға Алдаркөсе атадан сыйлық жолданады: ою және бес жұлдыз.

Мадақтау арқылы балалардың ынтасын арттыру және жақсы көңіл күймен сабақты аяқтау көзделеді.