Тіл және сөз
Кіріспе: Наурыз — жаңа күн
Наурыз — «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл — ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы мерекелеп келе жатқан, елді жақсылыққа ұйыстыратын ұлы мейрам.
Ұлыстың ұлы күні ел елжіреп қуанып, есік ашып, дастархан жайып, көрші-қолаңмен құшақтасып құттықтасады. Бұл күні өкпе-назды ұмытып, татулықты күшейту — мерекенің басты мәні.
Маңызды ой
Наурыз — жаңа бастамаларға жол ашатын күн. Сондықтан тұсаукесер, атқа мінгізу, тілашар сияқты қуаныштар дәл осы мереке күндері бастау алған.
Ұстаздар мен ата-аналарға Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке қарсаңында 3 «Ә» сыныбында өтетін «Жігерлі бала — ер болар» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Уа, халайық, халайық, Бәріне жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде Көңілді кеш жасайық.
2-жүргізуші
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа баға беретін әділқазылар алқасын сайлайық.
Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру
Қатысушылар өздерін таныстырады.
2. «Көңілі ояу, көзі ашық»
Наурызға қатысты сұрақ-жауап.
3. «Өнерлі өрге жүзер»
Жігіттер өнер көрсетеді.
4. «Мақал — сөздің атасы»
Тақырып бойынша мақал-мәтел айту.
5. «Асық ойнаған озар»
Асық ату ойыны (әр асық — 1 ұпай).
6. «Батаменен ер көгерер»
Тақырыпқа сай бата беру.
Сайысқа қатысушылар
Өлең шумақтары
Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып, Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп. Қазақпыз құс та салып, ат жаратқан, Сайысқа түскенде тұлпар мініп.
Арнау
Жалғастырған мұраны — Ел-жұртының қорғаны. Сегіз қырлы, бір сырлы Қазақтың сұлтан ұлдары!
Қатысушылар тізімі
- 1 Өтепберген Айбек
- 2 Байғара Дастан
- 3 Нұрлан Еркебұлан
- 4 Балтабаев Орынбасар
- 5 Талғатов Нұрбақыт
- 6 Жеткерген Нұрдәулет
Кезең 2: «Көңілі ояу, көзі ашық» — сұрақ-жауап
1-сұрақ: Наурызшешек деген не?
Наурызшешек — Наурыз айында өсетін, жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем өсімдік.
2-сұрақ: Наурыз көже қалай және қашан дайындалады?
Наурыз көже — Наурыз тойында көпшілікке ұсынылатын мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен қосылып жасалады.
3-сұрақ: Наурызнама деген не?
Наурызнама — шат-шадыман ойын-сауық. Тойда ат жарыс, күрес, ән айту сияқты түрлі ойындар өткізіледі.
4-сұрақ: Ұйқыашар деген не?
Ұйқыашар — Наурызнама кезінде қыз-келіншектер әзірлейтін дәм. Олар ет, уыз сияқты тағамдар жасап, жігіттерге ұсынады.
5-сұрақ: Жеті қазынаны ата.
Бұл сұраққа қатысушылар өз білімдері бойынша жауап береді.
6-сұрақ: Наурыз қандай ұғымды білдіреді?
Парсы тілінде «нау» — жаңа, «руз» — күн. Яғни, Наурыз — «жаңа күн» деген ұғым.
Кезең 4: «Мақал — сөздің атасы»
Қатысушылар ұяшық таңдап, сол тақырып аясында мақал-мәтел айтады. Тақырыптар:
- Еңбек
- Отан, туған жер
- Табиғат
- Оқу, білім
- Тіл және сөз
Кезең 5–6: Асық ату және бата беру
«Асық ойнаған озар»
Қатысушылар асық атып ойнайды. Әр дәл тиген асық — 1 ұпай.
«Батаменен ер көгерер»
Қатысушылар тақырып таңдап, соған сай бата береді. Бағыттар:
- Нәресте сәбиге
- Дастарханға
- Тұсау кесуге
- Сүндет тойға
- Наурызға байланысты
Қорытынды және марапаттау
Әділқазылар алқасы бағаларын шығарар сәтте, сыныбымыздың оқушылары Наурызға арнаған өлеңдері мен шығармаларын оқып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандырады.
Финал
Сайыс нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.