Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу

Сабақтың құрылымы

Бұл сабақта электрмонтаждау жұмыстарында қолданылатын материалдарды жүйелеу, олардың қасиеттерін салыстыру және өткізгіштерді қосудағы түйіспе қалыптастыру тәсілдерін практикада орындау қарастырылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

08:30 – 08:35

  • Оқушыларды түгендеу
  • Арнаулы киім мен тазалық талаптарын тексеру

II. Кіріспе нұсқау

08:35 – 09:15

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
  • Оқушылардың білімін тексеру
  • Электроқшаулағыш материалдарды қызуға төзімділігі бойынша сұрыптау және өткізгіш материалдарда дәнекер мен флюстің қолданылуын түсіндіру
  • Өткізгіштерді қосуда электр түйіспелерін қалыптастыру әдістерін оқып-үйрену
  • Жұмсақ дәнекер арқылы сымды штифтік ұштамаға немесе электр арматурасының бөлшектеріне дәнекерлеп қосу

Электротехникалық материалдар: негізгі жіктелім

Электрлік монтаждау жұмыстарын орындау барысында әртүрлі қызмет атқаратын материалдар мен бұйымдар қолданылады. Оларды бірнеше белгі бойынша сұрыптауға болады.

1) Электр тоғын өткізу қабілеті бойынша

Өткізгіштер

Токты жақсы өткізетін материалдар.

Диэлектриктер

Токты өткізбейтін, оқшаулау қызметін атқаратын материалдар.

Жартылай өткізгіштер

Өткізгіштік қасиеті жағдайға байланысты өзгеретін материалдар.

2) Атқаратын қызметіне қарай

  • Ток өткізгіш
  • Оқшаулағыш
  • Магнитті
  • Құрылымдық
  • Көмекші

3) Агрегаттық күйіне қарай

    қатты сұйық газ тәрізді

Таңдау кезіндегі негізгі талап

Электр оқшаулағыш материалды таңдағанда диэлектриктің электрлік сипаттамаларымен қатар механикалық, физика-химиялық және жылулық қасиеттері міндетті түрде ескеріледі. Ұзақ мерзімді пайдалану кезінде ең маңызды көрсеткіштердің бірі — қызуға төзімділік.

Диэлектриктің ұзақ уақыт бойы қызуға шыдамдылығы диэлектриктің қызуға төзімділігі деп аталады.

Электроқшаулағыш материалдар: қолданылуы және ерекшеліктері

Төменде монтаж және жабдықтарды оқшаулау жұмыстарында жиі кездесетін материалдар, олардың қолданылуы және жұмыс температурасы көрсетілген.

Резеңкеленген миткальді таспа

Жабысқақ резеңкесі бар, бір немесе екі жағынан арнайы паста сіңдірілген таспа төмен кернеулі қондырғылардағы сым қосылыстарын оқшаулауға қолданылады. Осы мақсатта поливинилхлоридті (ПВХ) және полиэтиленді таспалар да кеңінен пайдаланылады.

Лакталған мата

Электр машиналарын, аппараттарды және трансформаторларды оқшаулауға қолданылады. Диэлектрлік қасиеттері жоғары, механикалық беріктігі жақсы және минералдық майларға, бензинге, су әсеріне төзімді.

Жылуға төзімділігі: 105°C-қа дейін

Лакталған шыны мата және шыны таспа

Төмен кернеулі электр машиналары үшін оқшаулағыш материал ретінде қолданылады. Сіңдірілген құрамына байланысты ұзақ мерзімде жоғары температурада жұмыс істей алады.

Жұмыс температурасы: 120–180°C

ПВХ пластик құбыршалар және лакталған мата-қағаз құбыршалар

Сымдарды және кабель өзектерін оқшаулауға, сондай-ақ сым ұштарын таңбалауға қолданылады.

Текстолит

Төсеніш және құрылымдық материал ретінде пайдаланылады.

Жұмыс температурасы: 65–105°C

Гетинакс

Ашық ауада немесе кернеуі 1000 В-қа дейінгі қондырғыларда төсеніш не құрылымдық материал ретінде қолданылады. Сондай-ақ трансформатор майларымен жұмыс істейтін орталарда да пайдаланылады.

1000 В-қа дейін

I немесе II маркалы трансформатор майларымен

1000 В-тан жоғары

V-1 және V-2 маркалы майлармен

Фибралы табақ және электроқшаулағыш картон

Төсеніш материал ретінде және электр оқшаулау бөлшектерін дайындауда қолданылады.

Автор туралы мәлімет

Оқу орны

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Абдирасил Кенжегүл Санақұлова