Оқушылардың сабаққа қатысуын, сынып тазалығын бақылау
Мұғалжар ауданы • Қандыағаш қаласы
№2 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нұрмағамбетова Роза Қылышбайқызы (8-сынып)
Бөлім
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сабақтың түрі
Білімді қорытындылау
Әдістер
Сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың тақырыбы
Жоғын толықтырып, барын анықтайтын, дұрысын пысықтайтын — қорытындылау сабағы.
Негізгі идея
Тұрлаусыз мүшелердің қызметін нақтылап, оларды сөйлем ішінен дұрыс ажыратып, қолдану дағдысын бекіту.
Көрнекілігі және байланысы
Көрнекілігі
- Кесте
- Тірек сызбалар
- Көмекші құралдар
Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Тарих
- Әдеп
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тұрлаусыз мүшелер бойынша алған білімді жинақтау және тұрлаусыз мүшелерді ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту; шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; тіл байлығын арттыруға жол ашу.
Тәрбиелік
Деңгейлік тапсырмалар арқылы ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
- Сынып тазалығын қадағалау.
Психологиялық дайындық және топқа бөлу
Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындап, ойларын бір арнаға топтастыру.
1-топ
Толықтауыш
Жоғын толықтырады.
2-топ
Анықтауыш
Барын анықтайды.
3-топ
Пысықтауыш
Дұрысын пысықтайды.
Топтастыру сызбалары
Әр топқа топтастыру сызбалары үлестіріліп, алдарына қойылады.