Кейбір оқушылар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым (1-сынып)
Сабақ тақырыбы: Табиғатқа саяхат. «Ж» дыбысы мен әрпі
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Бастапқы білім: дыбыс пен әріпті тану және ажырату; оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
Құндылықтарды дарыту: оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
- 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
- 1.2.5.1 — мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру
- 1.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратып, сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
- Сұрақ қояды және қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Сөйлем құрастырады.
Көптеген оқушылар
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
- Көп мағыналы сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастырады.
Кейбір оқушылар
- Көп мағыналы сөздерге қосымша мысалдар келтіріп, сөйлем құрайды.
Бағалау критерийлері
- Дыбыстарды ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасайды.
- Мәтін бойынша сұрақ қояды.
- Сұрақтарға толық жауап береді.
- Көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол сөздермен сөйлем құрастырады.
Сабақтың басы (2 минут)
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Оқушылар фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді:
-
1-топ
Төртбұрыш
-
2-топ
Жұлдызша
-
3-топ
Үшбұрыш
-
4-топ
Шеңбер
«Миға шабуыл» арқылы өткен сабаққа шолу
Оқушылардың алдыңғы білімін нақтылау үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- Әріп деген не?
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- Сөйлем деген не?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтіріңдер.
- Құрамында «Ә» дыбысы бар сөз айтыңдар.