Алғашқы ғарышкерлер
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.9.4 — «Аспан әлемінің құпиялары». Пәні: Қазақ тілі (5-сынып).
Сабақ тақырыбы: «Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары»
Оқу мақсаттары
5.Т/А4
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
5.ӘТН4.3
Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану; сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады
- Мәтінді түсініп оқып, тірек сөздерді табады.
- Тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
- Сапалық сын есімдерді салыстырмалы және күшейтпелі шырайға айналдырады.
- Заттанған сын есімдерді орынды қолданып, сөйлемді толықтырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
- Оқылым және тыңдалым мәтіндеріндегі ортақ ойды шырай түрлерін қолдана отырып анықтайды.
- Тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлемді жалғастыруда зеректік танытады.
Кейбір оқушылар орындай алады
- Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан шығармашылықпен дәлелдейді.
Бағалау критерийлері
- Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды.
- Сын есімнің шырай түрлерін ажыратады және сын есімді зат есімнің орнына орынды қолданады.
Тілдік мақсат
Айта алады
Алғашқы ғарышкерлердің ғарышқа сапарын баяндайды.
Біледі
Шырай түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіреді.
Қолданады
Сын есімдерді зат есімнің орнына қолдана алады.
Сөздік қор мен терминдер
Пайдалы тіркестер
- Ғарышқа ұшырылған жануарлар
- Тұңғыш ғарышкерлер
- Қазақ ғарышкерлері
- Лайка, Белка, Стрелка
- I Альберт, II Альберт, VI Альберт (маймылдар)
- Ю. Гагарин, В. Терешкова, Т. Әубәкіров
Талқылауға арналған сұрақтар
- Адамдарды ғарышқа ұшыру туралы шешім қалай қабылданды?
- Сын есімнің шырайларының негізгі ерекшеліктері қандай?
- Сын есімдерді зат есімнің орнына қалай қолдануға болады?
- Неліктен ғарышқа ең алдымен жануарлар ұшырылды?
Сұхбатқа жетелеу: «Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?»
Пәнаралық байланыс және алдыңғы білім
Пәнаралық байланыс
Астрономия, тарих.
Алдыңғы білім
- «Аспан әлемінің құпиялары» тақырыбы бойынша зерттеулер.
- Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Құндылықтарға баулу
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясындағы индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу құндылығын түсіндіру.
- Өзгелердің мәдениеті мен көзқарасына құрметпен қарау.
- Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау.
- Өмір бойы оқуға дайын болу.
Сабақтың барысы (басы)
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, «Гүл шоғындағы ыстық лебіз» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал қалыптастырамын. «Ең, ең» сөзін қолдана отырып, аспан денелеріне байланысты топқа біріктіремін.
1-топ
Ай — Жерге ең жақын аспан денесі.
2-топ
Юпитер — ең алып ғаламшар.
3-топ
Плутон — ғаламшарлардың ішіндегі ең кішісі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
4-тапсырма: мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар. Тапқан сын есімдерді сапалық және қатыстық деп ажыратыңдар.
Әдістер
- «Қос шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
- «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы жауаптарды тексеру.
Қалыптастырушы бағалау және кері байланыс
- Қалыптастырушы бағалау: «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы өзара бағалау.
- Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі (күнге — жетістік, бұлтқа — қиындық/түсініксіз тұстар).
Автор туралы мәлімет
Қызылорда қаласы, Абай ауылы, Абай атындағы №138 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы.