Қозыкүреңге хат

Сабақтың тақырыбы

Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Шығарманың мазмұнын меңгерту.
  • Негізгі идеясын ұғындыру.

Дамытушылық

  • Әңгімеден алған түсініктерін тереңдету.
  • Білімін, ой-өрісін кеңейту.
  • Оқушының ойын жинақтай білуін дамыту.

Тәрбиелік

  • Топпен жұмыс істеуге баулу.
  • Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • «Менің Отаным – Қазақстан» буклеті
  • Нақыл сөздер
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап, диалог-сұхбат.
  • Сатылай кешенді талдау.
  • Салыстырмалы зерделеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды үш топқа бөлу.
  • Сабақ мақсатын ел әдебиетімен, тарихымен және тағдырымен байланыстыра түсіндіру.
  • Сабақ құрылымы: үш фазаға негізделеді.

2) Қызығушылықты ояту (топтастыру стратегиясы)

Әр топқа қағаз таратылады. Тақырып: «Жылқы туралы не білеміз?»

  • Елестетеді.
  • Бұрынғы біліміне сүйенеді.
  • Еске түсіреді.
  • Ойын қағазға түсіреді.

3) Жаңа сабақ: Мағынаны тану

«Қозыкүрең» әңгімесіндегі өзекті оқиғаларды кезең-кезеңімен талдау.

Оқиғаның басталуы

  • Алатау — қазақ пен қырғыздың құт-берекелі қонысы.
  • Сапарға сайланып шығу — ел дәстүрі.

Оқиғаның байланысы

  • Ұрпақтар сабақтастығы — ата аманаты.
  • Сән-салтанаты жарасқан елдің татулығы.

Оқиғаның дамуы

  • Текті жылқының жершілдігі (Төреқұл әңгімесі).
  • Саяқбай әңгімесіндегі Қозыкүрең жайлы күмәнді ойлар.

Оқиғаның шиеленісуі

  • Қозыкүреңнің қашып шығуы — жылқышыларға үрей туғызады.
  • Атылған оқ Қозыкүреңге дарымайды.

Оқиғаның шарықтау шегі

  • Қозыкүреңнің елге оралуы — жаралы жауынгердің елімен қауышуын еске салады.
  • Суыт жүрістен қызылмай болып зорыққан ат оңалмайды.

Оқиғаның шешімі

  • Қозыкүреңнің өлімі: адамша арулап, терісін сыпырмай жерлейді.
  • Сыйластықтың жарасымы: Ағыбайға Төреқұлдың сыйы.

4) «Сауаттылық хаты» (5 минут)

Әр топтан топ басшысы шығып, өз тобының «сауаттылық хатын» оқиды. Оқушылар жұппен ойланып, талдайды.

1-топ

Төреқұлға хат

2-топ

Қозыкүреңге хат

3-топ

Қырғыз бауырларымызға хат

5) «Үш жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі

Оқушылар оқығанын толықтырып, ең маңызды тұстарды талдайды: нені ерекше байқады, неліктен қызықты болды, қандай мәселелік сұрақ туды.

Не таңғалдырады?

Әңгімедегі ерекше әсер қалдырған тұсты анықтайды.

Неліктен?

Қызықтыру себебін нақтылайды.

Сұрақ

Мәселелік сұрақ қояды, жауап алып, дәптерге жазады.

6) Сергіту сәті

Үш топ мақал-мәтел айтып жарысады.

7) Ой толғаныс және қорытындылау

«Синквейн» әдісі бойынша 5 жол өлең құрастыру.

  1. Кім? Не? — жылқы, Қозыкүрең.
  2. Қандай?
  3. Не істейді?
  4. Сөйлем.
  5. Синоним.

8) Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, жауап беру белсенділігі және жазба тапсырмалары бойынша бағаланады.

9) Үй тапсырмасы

Әңгімені қайталап оқу, негізгі оқиғалар тізбегін қысқаша жоспар түрінде жазу және Қозыкүрең бейнесіне сипаттама дайындау.