Дос болайық бәріміз әнін орындау

Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер

Білімділік

Әбілахат Еспаевтың шығармашылығын және қазақ музыка мәдениетіне қосқан мол мұрасын таныстыру.

Тәрбиелік

Бірлік пен ынтымақты, халықтар достығын насихаттау арқылы рухани-эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық

Музыканы тыңдап, талдай білу қабілетін, әнді дұрыс орындау шеберлігін және музыкалық сауаттылықты дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің әуенімен сыныпқа кіру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыптық сұрақ

Қазақстандағы опера өнері.

Дауыс жаттығулары

  • Гамма орындау.
  • Тұрақты дыбыстарды айтып жаттығу.

Ән орындау

Жібектің әні — «Гәкку».

III. Үй тапсырмасын бекіту

Опера сөзжұмбағы

  1. Театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма — опера.
  2. Операда қайталанып келіп отыратын музыкалық тақырып — лейтмотив.
  3. Е. Рахмадиевтің операсы — «Алпамыс».
  4. Б. Жұманиязовтың операсы — «Махамбет».
  5. Е. Брусиловскийдің халықтар достығына арналған операсы — «Дударай».
  6. М. Төлебаевтың операсы — «Біржан — Сара».

Топтастыру

Негізгі ұғым: Опера.

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Қызығушылықты ояту

Бейнеролик көру: «Ақпыз, қара, сарымыз — ағайынбыз бәріміз».

Ой қозғау

Туысқан жұрттар тұрағы —
Әр алуан тірлікпен.
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!..

V. Жаңа сабақ

1) Ән тыңдау

«Настоящий друг».

2) Мағынаны тану

1889 жылы шілдеде Парижде өткен II Интернационалдың I конгресі 1 мамырды барлық елдер пролетариатының халықаралық ынтымақ күні деп жариялады. Бұл — еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.

3) «Ән жұмбақ» ойыны

Алдын ала дайындалған бейнекөрініс арқылы Ә. Еспаевтың «Ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым» әндері жасырылады. Оқушылар әндердің авторын анықтайды.

Бүгінгі сабақта дарынды композитор Әбілахат Еспаевтың «Бейбітшілік сақталады» әнін үйренеміз және авторларымен танысамыз.

Тұлға

Әбілахат Еспаев (1925–1980)

Негізгі бағыты

Вокалдық музыка жанрлары: ән, романс, хор, баллада.

Көпшілікке кең тараған әндері

«Туған ел», «Ақ сәуле», «Сағыныш екен бала кез», «Ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым», «Маржан қыз», «Шофер әні», «Одағым — бақыт ордасы», «Әлі есімде», «Бейбітшілік сақталады», «Орамал», «Жайық қызы» және т.б.

4) Ән үйрену: «Бейбітшілік сақталады»

Сөзін жазған
Нұтфолла Шәкенов
Жұмыс кезеңдері
Орындап беру, авторларымен таныстыру, мәтін мазмұнын талдау, әуенге қосылып айту, жылдамдық пен көркемдікті сақтау.

5) Музыка сауаты

Баллада (фр. ballade — «билеу») — негізінен баяндау сипатында болатын вокалдық немесе аспаптық жанр.

6) Дәптермен жұмыс

Ән тыңдай отырып, негізгі ұғымдарды жазып, қысқаша қорытынды жасау.

VI. Жаңа сабақты бекіту

Өзіндік жұмыс: «Бүгінгі сабақта түйгенім». Оқушыларға кесте үлестіріліп, әр оқушының түсінігі мен әсері анықталады.

Оқушының аты-жөні Ұғымдар Не ұғындым? Алған тәлімім, әсерім
Достық, бірлік, ынтымақ
Композитор
Музыка сауаты

VII. Қорытындылау

«Ұйқасын тап» тапсырмасы

Достық, бірлік, ынтымақ — ұранымыз,

Бәріміздің Қазақстан —

Түрлі ұлт пен ұлыстың ,

— қыранымыз.

Әбілахат Еспаевтың әнін айтып, шығамыз біз.

Мен — Толқын апайларың, сабақ өттім,

Ұнадым ба сендерге?

Қорытынды ән

«Дос болайық бәріміз» әнін орындау.

Педагогикалық акцент

Бірлесіп орындау барысында тыңдау мәдениеті, ырғақ бірлігі және өзара қолдау дағдылары бекітіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

  1. Ә. Еспаев туралы зерттеу жүргізу.
  2. «Бейбітшілік сақталады» әнін жаттау.
  3. Музыка сауаты: «Баллада» ұғымын қайталау.
  4. Шығармашылық тапсырма: «Достық» тақырыбына өлең шығару, эссе жазу немесе сурет салу.

IX. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі, тыңдау-талдау дағдылары және әнді орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

Түйін

Сабақ мазмұны оқушыларды музыка әлемі арқылы ынтымаққа үндеп, Әбілахат Еспаевтың әндері арқылы бейбітшілік, достық және бірлік құндылықтарын сезінуге мүмкіндік береді.