Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Бұл сабақ тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының басталу себептерін, іске асу барысын, нәтижелерін және тарихи салдарын талдауға бағытталған. Оқушылар негізгі деректермен жұмыс істеп, пікірін дәлелдеуге, топ ішінде өзара бағалауға және тарихи құбылысты жан-жақты пайымдауға үйренеді.
Сабақтың мақсаты
-
Теориялық білімді тереңдету: тың және тыңайған жерлерді игеру жұмысының барысы мен нәтижелерін түсіндіру арқылы білімін жүйелеу.
-
Шығармашылық ізденісті дамыту: алған білімді қолдана отырып, талдау жасау, салыстыру және қорытынды шығару дағдыларын жетілдіру.
-
Тәрбиелік бағыт: патриоттық сезімді оятып, еңбек адамдарының ерлігін дәріптеу арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Өзіне және сыныптастарына деген сенімділік қалыптастырады, еркін ой айтуға мүмкіндік алады.
Айтылған пікірді негізгі ақпарат көздерімен салыстырып, дәлелмен жұмыс істей алады.
Қосымша материалдар арқылы ой-өрісін кеңейтіп, тарихи оқиғаға әр қырынан қарайды.
Бірін-бірі бағалау мәдениетін меңгеріп, топтағы жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарайды.
Ой қорыту:
«Көтерілген тың — достық пен жасампаздықтың белгісі».
Кіріспе: тарихи алғышарт
1953 жылғы қыркүйек пленумының шешімдері мен Үкімет жүргізген шаралар ауыл шаруашылығындағы артта қалушылықты толық жоя алмады. Сала әлі де әлсіз күйінде қалып, өсіп келе жатқан қоғамның негізгі талабын — елді азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуді — толық орындай алмады.
Осы жағдайда партия мен Үкімет тығырықтан шығудың жолын іздестіріп, ақырында бос жатқан жерлерді игеру идеясын ұсынды. Бұл бастама ең алдымен Қазақстан аумағында кең көлемде жүзеге асырылуы тиіс болды.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
«Ауыл шаруашылығы» ұғымына ассоциация құру: оқушылар топ болып ойларын айтады, ортақ сөздік карта жасайды.
II. Топтық тапсырма (10 минут)
Әр топқа тақырып бойынша материалдар таратылады. Тапсырма мазмұны талдау, дәлелдеу және қысқаша таныстырылым жасауға бағытталады.
1-тақырып
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру
2-тақырып
Тың игерудің пайдалы жақтары
3-тақырып
Тың игерудің зардаптары
4-тақырып
Тың игерудің тарихи маңызы
Сергіту сәті
«Егін егу» қимыл-қозғалыс жаттығуы арқылы сергіту.
III. Рефлексия: «Пирамидалық стратегия»
Оқушылар ойды қысқа әрі нақты жеткізу үшін тапсырманы сөз саны бойынша кезең-кезеңімен орындайды:
- Кейіпкердің аты (1 сөз)
- Оны сипаттайтын 2 сөз
- Оқиға орнын сипаттайтын 3 сөз
- Оқиғаға әкелген проблема (4 сөз)
- Бірінші оқиғаны сипаттайтын 5 сөз
- Екінші оқиғаны сипаттайтын 6 сөз
- Үшінші оқиғаны сипаттайтын 7 сөз
- Проблеманы шешуді сипаттайтын 8 сөз
IV. Бағалау
Сабақ басында бағалау парағы таратылады. Мұғалім топтардың жұмысын сұрап, талқылау мен өзара бағалауды ұйымдастырады.
V. Үй тапсырмасы
«Тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбын қайталау және қысқаша конспект жасау.
VI. Қорытынды
Достықтың туын жықпай беріскен ел,
Тарихтың сан сынынан бірге өткен ел.
Түрлі ұлттар асар жасап, көмекке кеп,
Қазақ жерін түрен салып түрленткен ел.
61 жыл игергенге тыңы ал төсіп,
Сол жерде Астана — ару келеді өсіп.
61 жылда өзгерткен дала көркін —
Еңбектің құдіреті деген осы!
Түйін ой
«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу тату болса — төбең көкке жетеді» деген нақыл бірлік пен ынтымақтың құнын айқын көрсетеді. Қазақстан халықтарының өзара татулығы мен еңбектегі ынтымағының нәтижесінде ұлан-ғайыр далада тың игеру жүзеге асты.
Тарихи тағзым
Төле бидің «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деген даналығы тың игеру кезеңіндегі достық пен жасампаздықты сипаттайды. Тың игеру — аға буын өкілдері мен түрлі ұлт өкілдерінің ерен еңбегі. Елдің ауыл шаруашылығын көтеруге үлес қосқан ардагерлердің еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Сабақты сол кезеңде халық рухын көтерген «Менің Қазақстаным» әнін (қазіргі Әнұран) бірге орындаумен аяқтауға болады.