Токарь станогында ағаштан әртүрлі бұйымдар жасау жолдарын түсіндіру
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау (9-сынып)
Бұл сабақта оқушылар ағаш өңдеуге арналған токарь станогында жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгеріп, өлшем дәлдігін сақтай отырып бұйым дайындауға үйренеді. Сабақ құрылымы теория мен сараманды ұштастырып, қауіпсіздік мәдениетін және еңбекке ұқыптылықты қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаттары
Сабақтың мақсаты
Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігін сақтап, сапалы бұйым жасап шығаруға үйрету.
Білімділік
Оқушыларға токарь станогында ағаш өңдеу және қарапайым бұйым дайындау тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық
Әртүрлі бұйым әзірлеу кезінде дағды мен шеберлікті арттыру, станокта жұмыс істеуге бейімдеу, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұлттық өнерге қызығушылықты күшейту, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
- Сарамандық жұмыс
- Өз бетімен жұмыс
Көрнекіліктер
- Технологиялық карта
- Дайындалған дайындамалар
Құрал-жабдықтар
СТД–120М ағаш өңдеу станогі, ағаш бөлшектері, ара, егеулер, штангенциркуль.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгендеу.
- Жұмыс киімі мен сабаққа дайындығын бақылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ–жауап)
Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Емен, қайың, терек және т.б.
Ағашты өңдеуге арналған құралдарды атаңдар.
Сүргі, ара, қашау, балта және т.б.
Қашау не үшін қажет?
Ағашты көркемдеп өңдеуге арналған.
Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар?
Фуганок, сүргі.
3) Ой қозғау (бейнеролик)
Орман тақырыбындағы бейнеролик көрсетілгеннен кейін оқушылар дәптерлеріне көрген ағаш түрлерінің атауларын жазады.
Сұрақ: Ағаштың қандай пайдасы бар?
Ағаш жиһаз бен баспана жасауға қолданылады, сая береді, даланы және егістікті желден, суықтан қорғайды және т.б.
4) Жаңа сабақ
Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау
- Ағаш жону станогында жұмыс кезінде дайындаманы мықтап бекіту.
- Әр жұмыстың алдында ток жүретін сымдардың дұрыстығын тексеру.
- Станокта қолданылатын қашаулардың өткір қайралғанын қадағалау.
Ағаш өңдеу туралы мағлұмат
Ағашты дұрыс таңдау, талшық бағытын ескеру және өлшемді дәл белгілеу — сапалы бұйым жасаудың негізі.
Токарь станогында бұйым жасау жолдары
Дайындаманы бекіту, құралды дұрыс ұстау, жону тереңдігін біртіндеп арттыру және бет сапасын бақылау тәсілдері түсіндіріледі.
Технологиялық картамен жұмыс
Әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиялық картасы қарастырылып, кезеңдері талданады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және жаңа технологиялық картаны жазып алады.
5) Сарамандық жұмыс
Оқушылар нұсқау картаға сәйкес әртүрлі бұйымдарды дайындауға кіріседі. Мұғалім жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын және қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалайды.
Қауіпсіз еңбек ережелері (ағаш өңдеуге арналған токарь станогы)
- Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
- Өңдеу құралдарының ақаусыз екеніне көз жеткізу.
- Токарь станогында құралды пайдалану тәсілдерін еске түсіру.
6) Сергіту сәті: «Сөйлейтін сандар»
Оқушылар берілген сандар мен әріптерді сәйкестендіріп, көбейту амалдарын орындайды.
Сандар қатары
56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48
Әріптер қатары
ғ ш а ж у г д н о л е б і і а
Көбейту тапсырмалары
7) Сабақты бекіту
Шаршы ішінде жасырылған сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру тапсырмасы орындалады.
Әріптер қатары
Ш Е Ң Ы Й А Н Б Е Г Р Қ Е Ь Р І Ү С М Л У К Р И Е Н Г Е Н Ц А Т Ш А Р А
8) Қорытындылау және рефлексия
Мұғалім топтар бойынша жасалған бұйымдардың сапасын тексеріп, жұмыстың нәтижесін талдайды және кездескен кемшіліктерді көрсетеді. Оқушылар ағаш қалдықтарын тиімді пайдаланып-ақ әсем бұйым жасауға болатынына көз жеткізеді.
Не білдім?
Сабақтан алған негізгі түсініктерімді қысқаша жазамын.
Нені үйрендім?
Қандай жаңа дағдылар қалыптасқанын белгілеймін.
Нені дамыттым?
Ұқыптылық, өлшем дәлдігі, қауіпсіздік мәдениеті.
9) Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың жұмысы орындау сапасына, өлшем дәлдігіне, бет өңдеу деңгейіне және қауіпсіздік ережелерін сақтауына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
Ағаштан жасалатын бұйым түрлерімен танысып, мысалдар жинақтау.