Суретті сызбамен жұмыс

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білімді кеңейту; сөйлем мүшелеріне талдау жасау; сөйлем мүшелерінің байланысын анықтай білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Сөйлемді жүйелі құрастыру, өздігінен қорытынды шығару дағдысын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Ізденімпаздыққа, зерделілікке, мақсатқа жету жолындағы қиындықты жеңе білетін батылдыққа тәрбиелеу.

Әдістер

  • Талдау
  • Жинақтау
  • Дәлелдеу
  • Топтау

Көрнекіліктер

  • Суреттер, сызбалар
  • Қима суреттер
  • Аспан денелерінің макеттері

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы ғарышқа «саяхат» формасында ұйымдастырылады: әр кезең — жаңа нысан, жаңа тапсырма, жаңа қорытынды.

1) Ұйымдастыру

Түсті таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Оқушыларға сәттілік тілеп, сабақтың жұмыс ырғағы белгіленеді.

2) Психологиялық дайындық

Түстер арқылы көңіл күй анықталады. «Шаттық шеңбері» құрылады, өлең мазмұнына сай қимылдар жасалады.

Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге өскен жандаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!

3) Көркем жазу

Ғарыш әлеміне қысқаша шолу жасалып, «ғарышқа саяхатқа» дайындық тексеріледі.

Жұмбақ:
Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа.
Қане, ойланып табайық,
Бұл қай әріп болар да?

Жауабы: Ғ әрпі.

  • Ғ әрпінің артикуляциясын талдау.
  • Ғ әрпін бір жол жазу.

Жұптық жұмыс: әр топқа қима қағаздар таратылады. Қима бөліктерді біріктіріп, тұтас бейне құрастырады.

Құрастырылған бейнелерден ғ дыбысы бар сөздерді тауып, атауларын дәптерге жазады.

4) Үй тапсырмасын тексеру — «Жерге саяхат»

Зер-зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем.

Жауабы: Жер.

Қосымша дерек

Жер туралы қысқаша мәлімет айтылады (оқушының жас ерекшелігіне сай).

Тапсырмалар

  • Мақалдарды жалғастыру: «Жер — …», «Су — …», «Мал — …».
  • Ережені еске түсіру.
  • Сурет пен сызба бойынша сөйлем құрастыру және талдау.

1-топ

Бастауыш — ?

2-топ

? — баяндауыш

3-топ

Зат есім — ?

5) Жаңа сабақ — «Марсқа саяхат»

Жарқырайды, қызыл шоқтай жанады,
Бұрқырайды құмды дауыл бораны.

Жауабы: Марс.

Марс туралы қысқаша мәлімет

Марс туралы қосымша дерек беріледі (оқушы деңгейіне сай, қызықты фактілер арқылы).

Диаграмма бойынша жұмыс

Үш топқа болжам тапсырмалары таратылады: оқушылар белгілі бір тіршілік ортасына бейімделген жануарды анықтайды, соған сүйеніп сөйлем құрастырады.

Соңында ережені оқушылар өздері қорытындылап шығарады.

6) Сергіту сәті — «Құйрықты жұлдызға саяхат»

Музыка әуенімен қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

Санаймыз қанша, білмейміз,
Түнімен көз ілмейміз.

Жауабы: Жұлдыздар.

7) Кітаппен жұмыс — «Шолпанға саяхат»

Шығыстан туады,
Шашырап шуағы.
Батыстан шығады,
Аспанның сұлу шырағы.

Жауабы: Шолпан.

Қосымша дерек

Шолпан туралы қысқаша мәлімет айтылады.

Жаттығу

69-бет, 172-жаттығу: дәптерге көшіріп жазу, сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табу.

Тұрлаулы мүшелер туралы түсінікті тиянақтау: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

8) Бекіту — «Күнге саяхат»

Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.

Жауабы: Күн.

Қосымша дерек

Күн туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Венн диаграммасы

Тұрлаулы мүшелердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

9) Қорытынды

Мұғалім сөзі: «Балалар, талапты бала — талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай» дегендей, сендер бүгін өздеріңді нағыз ғарышкерлердей ұстадыңдар. Ғарыш әлемі жұмбаққа толы. Ертең ғарышкерлердің жолын қуып, аспан денелерін зерттеп, жаңалық ашып, ғылымға зор үлес қосасыңдар деп сенемін!

Бағалау

Оқушылардың таңдаған түстеріне (әр түсті дөңгелек) сәйкес топтық бағалау жүргізіледі.

10) Үй тапсырмасы

Халық болжамдарын іздестіру.