Топтың ұраны
Тәрбие сағатының сценарийі
Сабақтың барысы
Оқушылардың сабаққа даярлығы тексеріледі, кейін топқа бөлінеді. Жүргізуші қатысушыларды, қонақтарды және ұстаздарды қарсы алып, жарыстың басталғанын хабарлайды.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға!
Достастырып жалғайтын бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Жарысымыз басталсын сәлемменен.
Ескерту
Жүргізуші қонақтарды таныстырады (аты-жөнін алдын ала толтыруға болады): __________.
1-тур: Топтарды таныстыру
1-топ
«Бағдаршам»
Ұраны: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып!»
2-топ
«Жол белгілері»
Ұраны: «Үйрен, таппай тыным бір — белгілердің тілін біл!»
3-топ
«Жүргізуші»
Ұраны: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»
2-тур: Сұрақ-жауап
Жүргізуші: «Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын…» — деп жұмбақтап кіріспе жасап, оқушыларды сұрақтарға жауап беруге шақырады.
-
1) Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам үшін маңызы қандай?
-
2) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай кесіп өтуге болады?
-
3) Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
-
4) Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
-
5) Қанша жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
-
6) Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда кімдерге өтуге рұқсат етіледі?
-
7) Жүргіншілер қай жолмен жүруі керек?
-
8) Қозғалысты реттеп тұратын адам кім?
-
9) Жолдың қай жағымен жүру керек?
Әділқазылар алқасы жауаптарға сәйкес бағаларын береді.
3-тур: «Бағдаршам» ойыны
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Жүргізуші алдын ала дайындалған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Жасыл
Балалар бір орында жүріп бара жатқандай аяқтарын қимылдатады.
Сары
Қол шапалақтайды.
Қызыл
Қозғалмай, бір орында тоқтай қалады.
Қонақтар мен әділқазылар әр топтың орындауын бағалайды.
4-тур: Көше тәртібін білу тапсырмасы
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгін өзіңнің көзіңе.
Әр топ өз білімін іс жүзінде көрсетеді: қауіпсіз өту, қырағылық, жолды бақылау дағдылары бағаланады. Қонақтар баға береді.
5-тур: Жол белгілерін құрастыру және қорғау
Әр топ жинаған жол белгілерін құрастырып, мағынасын түсіндіріп қорғайды. Қонақтар мен әділқазылар бағалайды.
6-тур: Жұмбақтар
I-топ
-
Көзін ашып-жұмады, бағыт сілтеп тұрады.
Жауабы: Бағдаршам
II-топ
-
Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, ысқырығы күшті адам.Жауабы: Автоинспекция қызметкері
III-топ
-
Арқаным тым ұзын, ала алмайсың бір үзім.
Жауабы: Жол
-
Сөйлегенде білмейді, бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Жауабы: Бағдаршам
-
Екі аяқты бір ізді, үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмен ол менің, аяғымды жүргізді.
Жауабы: Велосипед
-
Төрт аяғы дөңгелек, адамсыз ол жүрмейді.
Жауабы: Машина
-
Үлкен-үлкен қалаларда жүреді, табаны темір, төбесінде жүрегі.
Жауабы: Трамвай
7-тур: «Қай топ жылдам?» ойыны
Көрген дәу қырағы, көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда, бағынамыз әмәндә — деп кім?
Ойын шарты: жол белгілерінің ішінен аталған белгіні тез тауып, көрсету.
Әділқазылар алқасы қорытынды бағаларын шығарады.
Қорытынды
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Жол жүрудің тәртібін, ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден, сау-саламат жүреміз.
Қонақтар оқушылардың белсенділігіне баға беріп, жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар табыстайды.