Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар
Бұл мерекелік сабақ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналады. Ананың мейірімі мен сүйіспеншілігін қадірлеуді арттырып, үлкенге ізет, кішіге өнеге бола білуге баулиды. Сондай-ақ оқушылар бойында қазақ қызына тән ізгілік, инабаттылық, биязылық секілді асыл қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етеді.
Сабақтың мақсаты
- 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесін салтанатты түрде атап өту.
- Анаға деген мейірім мен сүйіспеншілікті арттыру; үлкенге ізет, кішіге үлгі болуға үйрету.
- Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Негізгі ой
Ана — өмір сыйлайтын құдірет. Сол құдіреттің алдында әрқайсымыз құрметпен бас иеміз.
Сабақтың барысы
Жүргізушілердің құттықтауы
Мерекелік ертеңгілік «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар» атты бағдарлама ретінде ашылады.
1-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, аналар!
2-жүргізуші
Бүгінгі мерекелік шарамыз 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған. Ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!
Оқушылардың өлең шумақтары
1-оқушы
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мерекемен,
Құрметті аналар!
2-оқушы
Құрметтейік, о, адамдар, аналарды —
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана — асыл жан,
Әр қадамды ойланып басайық.
3-оқушы
Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке
Дүниеге келіпті.
4-оқушы
Көктем күні көрікті,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді
Нұрландырған сияқты.
5-оқушы
Наурыз келді, анажан, серпіліңіз,
Шуақтанып, шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
6-оқушы
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдірет — ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де құрметпен бас июге тиіспіз.
Шығармашылық нөмірлер
Би
«Кукарелла»
Ән
«Анашым, қартаймашы»
Жүректен шыққан алғыс
7-оқушы
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған —
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп —
Анаға бас иеміз.
8-оқушы
Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Балалық жүректен мың да бір алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
9-оқушы
Мамам, мамам, ақ мамам,
Мен де өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзім жұма қалады.
Түйін
8 наурыз — аналарға алғыс айтатын, әжелердің ақ батасын қадірлейтін, қыз баланың нәзіктігі мен тәрбиесін дәріптейтін күн. Бұл мереке — жүректегі құрметтің, мейірімнің және ризашылықтың салтанаты.