Көмекші сөздердің астын сызу
Сабақтың тақырыбы
Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Сабақтың түрі
Қалыпты сабақ.
Көрнекілігі
Кітап, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Суреттеу
- Сұрақ-жауап
- Бағалау
- Бекіту, қорытындылау
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға тіркесті сөздер, оның түрлері және жасалу жолдары туралы толық мәлімет беру; ой-пікірін қалыптастыру.
Дамытушылық
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
- 1Ұйымдастыру бөлімі
- 2Үй тапсырмасын тексеру
- 3Жаңа сабақ
Жаңа сабақ: сөз таптарының үш тобы
Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық белгілеріне қарай атауыш, көмекші және одағай сөздер болып үш топқа бөлінеді.
Атауыш сөздер
Толық лексикалық мағынасы бар сөздер.
Мысалдар
жер, аспан, алты, бүгін, алу, беру
Көмекші сөздер
Лексикалық мағынасы әлсіреген немесе жеке тұрғанда мағына білдірмейтін сөздер; басқа сөздермен байланыста қызмет атқарады.
Мысалдар
дейін, шейін, туралы, асты, үсті, мыс, міс, таман
Одағай сөздер
Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады.
Мысалдар
аһ, тәйт, ой
Атауыш сөздердің жіктелуі
Атауыш сөздер негізгі екі салаға бөлінеді: есімдер және етістіктер. Есімдер өз ішінде атаушы және үстеуші болып ажыратылады.
Мысал арқылы түсіндіру
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Сөйлемдегі сөздердің мағынасы мен қызметін ажырату арқылы атауыш пен көмекші сөздердің айырмасы анық көрінеді.
Сөз мағыналары
- Мен
- Айтушы адам.
- Жазбаймын
- Қағаз бетіне сөзді түсіру немесе түсірмеу әрекеті.
- Өлеңді
- Белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз.
- Ермек
- Уақыт өткізу үшін жасалатын іс-әрекет.
Неліктен «үшін» — көмекші сөз?
Үшін сөзі жеке тұрғанда толық мағына білдірмейді. Бұл сөйлемде ол ермек сөзінің жетегінде тұрып, мақсаттық мән үстейді және ермек сөзін жазбаймын сөзімен байланыстырады.
Ереже
Белгілі бір мағына білдіретін, ұғымның атауы болатын сөздер — атауыш сөздер. Ал жеке тұрып мағына білдіре алмай, басқа сөздермен ғана қолданылатындар — көмекші сөздер.
Сөйлем мүшелері бойынша талдау
Кім жазбаймын дейді?
мен — бастауыш.
Не істеймін?
жазбаймын — баяндауыш.
Нені жазбаймын?
өлеңді — толықтауыш.
Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?
ермек үшін — пысықтауыш.
Ескерту: үшін сөзіне жеке сұрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағай сөздер туралы
Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде жұмсалады. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сұраққа жауап бермейді және сөйлем мүшесі бола алмайды.
Мысал: Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!
Жаттығулар
114-жаттығу: атауыш пен көмекші сөздерді ажырату
Демалысымызға — атауыш, дейін — көмекші.
Шегінген, шабуыл — атауыш, кезінде — көмекші.
Жаяу, машинаға, танкіге, жау танкісіне — атауыш, де — көмекші сөз.
Антонимдер
- артта — алдыда
- жаяу жүру — машинаға міну
115-жаттығу: сөйлем мүшелерін анықтау
| Сөз тіркесі/сөз | Қызметі |
|---|---|
| Қазыбектің | Анықтауыш |
| өнері | Бастауыш |
| жеткізбейтін жүйрік | Анықтауыш |
| оның | Анықтауыш |
| иіліп, бүгілгенде, бұратылады | Пысықтауыш |
| бақанға мысықтай | Пысықтауыш |
| екі сырықты | Толықтауыш |
| аяқты кісіге | Толықтауыш |
| суға малтуы | Пысықтауыш |
| үйрек | Бастауыш |
| ешкім қарғи алмайды | Анықтауыш |
| цирктің артистерінен | Толықтауыш |
117-жаттығу: мәтіннен одағай сөздерді табу
Одағайлар: беу, дүние-ай, апырмай.
Мағынасы: таңдану, шаттану.
Қорытындылау
Сөздің неше түрі бар?
Атауыш сөздер мен көмекші сөздердің айырмашылығы неде?
Одағай сөздер нешеге бөлінеді?
Үй тапсырмасы
Мәтіннен көмекші сөздердің астын сызып келу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау.