Ережесін жатқа білу, қолдана алу

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор.

Сабақтың жабдығы

  • Интерактивті тақта

  • 5-сынып математика оқулығы

  • Кесілген суреттер

  • Үлестірме қағаздар

  • Стикерлер

Жалпы мақсаттар мен оқыту нәтижелері

Білімділік

Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі арқылы түсіндіруді меңгерту. Ережелерді жатқа білуге және оларды есептерде дұрыс қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Деңгейлеп оқыту арқылы логикалық ойлауды, есте сақтауды және зейінді шоғырландыруды дамыту. Практикалық дағдыларды қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелілік

Деңгейлік тапсырмалар арқылы өзіндік ізденісті қалыптастыру. Сын тұрғысынан талдауға, бір-біріне көмектесуге және ұжыммен тату, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей санға көбейтуді және бөлшекті қысқартуды біледі.
  • Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

Сабақ барысы

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап болса — қолдарын алға, бұрыс жауап болса — қолдарын жоғары көтереді.

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Сол арқылы топтарға бірігеді.

Үй тапсырмасын пысықтау

Өткен тақырыпты қайталау, сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.

I. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау: өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап ұйымдастыру.

II. Мағынаны ажырату: математикалық диктант

1-топ

Бөлшекті бөлшекке көбейту

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін олардың алымдарын көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, нәтижесін бөлім етіп жазу керек.

2-топ

Бөлшекті натурал санға көбейту

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп жазамыз, ал бөлім өзгеріссіз қалады.

3-топ

Аралас сандарды көбейту

  1. Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазу.
  2. Бөлшектерді көбейту ережесін қолдану.

Ереже: Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

Тапсырманы тексеру

Тексеру үшін «Ортада қаламсап» стратегиясы қолданылады.

Мұғалім

Айгерім Бекмұратқызы