Қазақша рефераттар
Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап
Абай Құнанбаев
Жартас
(М. Ю. Лермонтовтан)
Қонады бір күн жас бұлт
Жартастың төсін құшақтап.
Жөнелді ертең, қалды ұмыт,
Көк жүзіне ойнақтап.
Ажымды жүзі тершіген
Кәрі жартас таң қапты:
— Бәрі осы - ay,— деп,— құз деген,
Томсарып тұрып жылапты.