Ағылшын тілі оқулығы
Сабақ туралы
Пән / Сынып
Ағылшын тілі, 5-сынып
Тақырып
How are you? / How old are you?
Мақсаты
Оқушыларды көңіл күйі мен жасын ағылшын тілінде айтуға үйрету; сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
Жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасын меңгереді; сұрақтарға жауап беріп, ауызша айтқанын қатесіз жаза алады.
Белсенді оқыту тәсілдері мен модульдер
Бихевиористикалық тәсіл
Қайталау, үлгі бойынша айту және бекіту арқылы дағды қалыптастыру.
Жас ерекшелігіне сай оқыту
Тапсырмаларды 5-сынып деңгейіне сәйкес жеңілден күрделіге құру.
Миға шабуыл
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытып, жаңа тақырыпқа қызығушылық ояту.
Сұрақ-жауап
Оқытудың жаңа тәсілдері арқылы диалогтік оқытуды ұйымдастыру.
Бағалау
Оқыту үшін және оқу үшін бағалау: кері байланыс, критерий, мадақтау.
АКТ
Электронды оқулықпен жұмыс, тыңдалым және визуалды қолдау.
Ресурстар мен сілтемелер
Сілтеме
- Ағылшын тілі оқулығы: Т. Аяпова, Алматы: «Атамұра», 2015.
- Электронды оқулық.
Қажетті құралдар
- Маркерлер
- Түрлі-түсті асықтар (топқа бөлу үшін)
- Смайликтер
- Суреттер және плакаттар
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл- Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
- Сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпқа шығарады.
- Түрлі-түсті асықтар арқылы оқушыларды топқа бөледі.
2) Тренинг
ЫнтымақтастықМақсаты: топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
3) Жаңа сабақ
Түсіндіру + практикаТақырыппен таныстыру
Мұғалім сабақ тақырыбын таныстырып, оқушыларға дәптерлеріне жаздырады.
Жаңа сөздер
Мақсаты: жаңа сөздердің оқылуын, жазылуын және аудармасын меңгерту.
Негізгі құрылымдар
Сұрақ:
How old are you?
Жауап үлгілері:
- I am very well.
- I am fine.
- I am all right.
- I am OK.
Қайталау:
to be етістігімен және Where are you from? құрылымымен жұмыс жасау.
4) Кітаппен жұмыс
Тыңдалым + рөлдік оқуМақсаты: оқушылардың алған білімдерін толықтыру, диалог арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
I топ
- Page 26, Ex. 1: How are you? диалогын тыңдау.
- Рөлдерге бөліп оқу, сұрақтарға жауап беру.
II топ
- Page 28, Ex. 1: How old are you? диалогын тыңдау.
- Рөлдерге бөліп оқу, сұрақтарға жауап беру.
5) Электронды оқулықпен жұмыс
АКТI топ
- Page 26, Ex. 2–3
- Page 27, Ex. 4–5
- Суретпен жұмыс: диалог құру, түсінгенін плакатқа түсіру, талдау.
II топ
- Page 29, Ex. 2–3 (сөйлемді аяқтау)
- Page 29, Ex. 4–5
- Суретпен жұмыс: диалог құру, түсінгенін плакатқа түсіру, талдау.
6) Рефлексия және бағалау
Рефлексия
Смайликтер арқылы көңіл күйін және түсіну деңгейін белгілеу, қысқа ауызша кері байланыс беру.
Бағалау
Жауаптарының дәлдігі, диалогқа қатысуы және жазба жұмысының сауаттылығы бойынша қалыптастырушы бағалау.
7) Үй тапсырмасы
How are you? және How old are you? тақырыптарын қайталау, тапсырмаларды жүктеп орындау.