Жазу машинкаларының суреттері

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі. Құжатты құру және сақтау. «Мәңгілік ел» – ұлттың ұлы мұраты.

Білімділік мақсат

  • Microsoft Word бағдарламасын іске қосуды үйрету.
  • Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесімен (интерфейсімен) таныстыру.
  • Мәтіндік құжат құруды және сақтауды меңгерту.

Дамытушылық мақсат

  • Мәтіндік процессормен жұмыс арқылы ой-өрісті кеңейту.
  • Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
  • Компьютерлік сауаттылықты арттыру.

Тәрбиелік мақсат

  • Информатиканы қазақ тілімен кіріктіре оқыту арқылы тілге және елге сүйіспеншілікті арттыру.
  • Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
  • Тілдік қорды байыту.

Оқыту форматы мен ресурстар

Қолданылатын технологиялар мен әдістер

Сын тұрғысынан ойлау (СТО) АКТ СТО әдістері

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ типі: дәстүрлі емес, кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс және көрнекіліктер

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Қазақстан тарихы
  • География

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Үлестірмелі дидактикалық материалдар
  • Қазақстан Республикасы туралы слайдтар
  • Бейнебаяндар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

Тренинг

«Елімнің болашағымын»

Оқушылар туған елінің дамуына қандай үлес қоса алатынын және еліне деген махаббатын қысқаша ой бөлісу арқылы жеткізеді.

II. Қызығушылықты ояту: жазу машинкалары

Жазу машинкасының алғашқы үлгі жобасын XVI ғасырда итальяндық ғалым Ронно Цетто жасап шығарғаны айтылады. Сол кезеңде қазіргі жазу машинкасының негізі қаланып, бұл жаңалық өнертапқыштардың қызығушылығын арттырды.

Парижде өткен дүние жүзілік көрмеде Профессор Аркадиус атты жазу автоматы көрсетілген. Тарихшы-техник Иштван Чатоның Будапештте шыққан «Ақылды машина» кітабында бұл автомат келушілерге ұқыпты түрде мінездеме беретін болғаны жазылады.

1860 жылдан бастап америкалық Л. Шолес жиырма жылдың ішінде жазу машинкасының отызға жуық моделін жасап шығарды. Олар Remington Standard және басқа да атаулармен белгілі болды.

Еуропада, соның ішінде Испанияда, Ревизи 1887 жылдан бастап жазу машинкаларының жиырмаға жуық түрін шығара бастады. Жазу машинкасындағы әріптердің орналасуы қазіргі пернетақтадағы QWERTY жүйесіне сәйкес келеді. QWERTY орналасуы 1878 жылға қарай кеңінен қалыптасты.

Бұл машинкаларда кіші және бас әріптермен жазуға мүмкіндік болды. Кейіннен Shift пернесі енгізіліп, пернелер саны 40-қа, ал Shift арқылы терілетін таңбалар саны 76-ға дейін жетті. Көптеген ақын-жазушылар алғашқы шығармаларын осы жазу машинкалары арқылы жазған.

Тапсырма

Талқылау сұрағы

Жазу машинкасының қағазы мен компьютерде қолданылатын қағаздың айырмашылықтарын атап, қысқаша түсіндіріңіз.

III. Мағынаны тану: «Мәңгілік ел» және білім құндылығы

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берді. Ең бастысы, ел рухын көтеріп, ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

«Мәңгілік ел» идеясы — Қазақстанды түрлі сын-қатерден сүріндірмей, айқын мақсаттарға бастайтын тұғырлы бағдар. Қазақ елінің басты мұраты — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.

Жолдауда «Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі» екені ерекше аталады. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент жастарға сенім артып, Қазақстанның болашағын білімді, білікті, жан-жақты ұрпақпен байланыстырды. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты жазу машинкаларының орнын IV буындағы компьютерлер алмастыра бастады.

Келесі бөлім

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат: негізгі ұғымдар, интерфейс мүмкіндіктері, құжатты құру және сақтау.