Балалардың жауаптары
Орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№9 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалім
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Уташова Гүлжаннат Ибатуллаевна
Пән
Сауат ашу
Сабақ типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың тақырыбы
Н дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
- Балаларға әріп пен дыбыс туралы түсінік беру.
Білімділік
Н әрпін таныту; Н дыбысының сөздегі орнын анықтай білу; баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеу, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Нанның пайдасы туралы түсіндіру; денсаулықты сақтауға және аурудың алдын алуға қатысты кеңес беру.
Сабақ барысы
I. Психологиялық дайындық (Шаттық шеңбері)
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір-бірімізге шашайық.
— Рахмет, балалар!
II. Өткенді қайталау
Буындарды оқу
Негізгі ұғымдарды нақтылау
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Әріп дегеніміз не?
- Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
— Жарайсыңдар, балалар!
III. Ертегі арқылы қызығушылықты ояту
Тақтадан «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрсетіледі. Балалар ертегі кейіпкерлерін атап шығады.
Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін, жабайы аңдардың тапсырмаларын орындаймыз. Әр тапсырма бізді жаңа дыбыспен жақындатады.
Сұрақ
Бауырсақты неден жасайды?
Күтілетін жауап: ұннан.
Ұннан тағы не жасалады?
Күтілетін жауап: нан.
IV. Жаңа сабақ (Ой ашар)
Негізгі сөз
«Нан»
Балалар «нан» сөзін қайталап айтады да, қандай дыбысты естіп тұрғанын анықтайды.
Естілетін дыбыс: Н
Н дыбысы созылып «әндете» айтыла ма?
Жауап: жоқ, созылмайды.
Демек, бұл қандай дыбыс?
Жауап: дауыссыз дыбыс.
Әріппен танысу
Н дыбысы көк үйге (дауыссыз дыбыстар тобына) енгізіледі.
Н әрпінің түрлері
- Баспа түрі — кітапта, тақтада кездеседі.
- Жазба түрі — дәптерге жазу үшін қолданылады.
Енді ертегілер еліндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындаймыз: қасқыр, қоян, аю және түлкі.
V. Тапсырмалар жинағы
I тапсырма — Қасқыр
Суретпен жұмысСуреттер бойынша Н әрпінің сөздің қай жерінде (басында, ортасында, соңында) кездесетінін анықтау.
II тапсырма — Қоян
Оқулықпен жұмысН әрпінен басталатын адам аттарын атау. Оқулықтағы сөздерді хормен және тізбектей оқыту.
Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Жазу жұмысы — Аю
Жазба дағдыАлдымен Н әрпін ауада жазып көреміз. Содан кейін дәптерге жазамыз.
VI тапсырма — Түлкі («Білеміз бе?» ойыны)
Талдау- «Балапан» сөзi қандай дыбыстан басталады?
- Сызба (схема) бойынша жаз.
- «Нан» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
«Кім шапшаң?» ойыны
- Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
- Сөздерді буынға бөлу.
Ой тастау — Ата мен әженің тапсырмасы
ҚұндылықНан туралы тақпақ айту:
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Н дыбысының сөздің басында және ортасында келетінін байқау үшін «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны ойнатылады.
VI. Қорытынды
Сұрақ-жауап
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысы қандай дыбыс?
Мадақтау
Сабақ барысында белсенді қатысқан оқушылар мадақталады. Ертегі желісіндегі «сыйлықтың» мәні ашылып, балалардың қызығушылығы қолдау табады.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!