Балдырған тобы
Сабақтың тақырыбы
Туған өлкем — мақтанышым
Білімділік
Оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру.
Дамытушылық
Ой-қиялын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Өз халқына, еліне, Отанына деген мақтаныш сезімін ояту; елін, жерін сүюге, қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суретті кестелер
- Мақал-мәтелдер
- Дидактикалық ойындар
- Топ атаулары
- Техникалық құралдар
- Бағалау жетондары
Әдіс-тәсілдер
Сабақ оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге, пікір алмасуға және туған жер туралы түсінігін тереңдетуге бағытталады.
Сабақтың барысы
II. Жаңа сабақ: «Туған өлкем — мақтанышым»
Талқылау сұрақтары: «Туған ел» дегеніміз не? «Отан» деген не? Әркім қалай түсінеді?
Отан — адамның туып-өскен, ата-бабаларынан бері кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан әр елдің адамы өз Отанын дүниедегі ең қымбат, ең қасиетті, ең аяулы ұғым ретінде қабылдайды, оны анаға теңейді.
Отан ұғымы адамдық мінезбен, ізгілік сезіммен және парасатпен тығыз байланысты. Отансыз адам болмайды. Туған жер — ата-анаң, бауырларың, бала-шағаңмен бірге өмірдің қызығы мен бақыты орныққан қастерлі мекен.
Туған жерді шексіз сүйіп, ардақтау керек. Отансыз тіршіліктің мәні болмайды. Алысқа кетсең, оны сағынасың; ол тіпті алыстан қол бұлғап шақырғандай сезіледі. Сол жерде сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың, кейін еліңе адал қызмет етесің. Отанды мәңгілік сүю және қорғау — әрбір азаматтың парызы.
Мұғалім сұрағы: «Балалар, мен не туралы айтып отырмын?»
Күтілетін жауап: Туған жер, Отан туралы.
1-топ
Мақал-мәтелдер айту.
2-топ
Өлеңдер мен тақпақтар оқу.
3-топ
«Менің ауылым» тақырыбында әңгімелеу.
III. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.
IV. Ертегі тыңдау: «Кімнің мекені жақсы?»
- Ертегі мазмұнын әңгімелеу
- Суретпен жұмыс
- Сахналық көрініс
VI. Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Топтық тапсырма: оқушыларға суретті кестелер таратылады, әр топ берілген нысандарды дұрыс топтастырады.
1-топ
Үй жануарларын топтастыру.
2-топ
Үй құстарын дұрыс анықтау.
3-топ
Жабайы аңдарды дұрыс орналастыру.
VII. Сабақты қорытындылау
Әр топтың жинаған ұпай санына сүйене отырып, жеңімпаз топ анықталады.
Жеңімпаз атанған топ мадақталып, марапатталады.