Геометриялық фигуралар

Сабақ тақырыбы және мақсаты

Тақырыбы

Өрнек құрастыру (Математика, 2-сынып)

Мақсаты

  • Білімділік: қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы түсінік беру; ою-өрнек түрлерімен таныстыру; ою-өрнек құрастыруға және түстер үйлесімін сақтауға үйрету.
  • Дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: туған елін, халқын сүюге, қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу; ұлттық мақтаныш сезімін ояту; эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Әдістер, технологиялар және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Ішінара ізденушілік, зерттеушілік

Технология

  • Дамыта оқыту технологиясы
  • Топпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Ою үлгілері
  • Кілемшелер
  • Түрлі түсті геометриялық фигуралар

Жаңа сабақ: ою-өрнек туралы түсінік

Әңгімелеу және сұрақтар

  • Ою-өрнекті білесіңдер ме?
  • Ою-өрнек дегеніміз не?
  • Ою-өрнек не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері өте алуан түрлі. Әр өрнектің өз атауы бар, жалпы алғанда 200-ге жуық түрі белгілі.

Өмірмен байланыстыру

Қазақ тұрмысындағы көптеген бұйымдар ою-өрнекпен әшекейленеді: сандық, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптар.

Анықтама: әшекейлі сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыруды ою-өрнек дейміз.

Ою-өрнектердің негізгі топтары

1) Жануарлар мен төрт түлікке байланысты

Мүйіз, қос мүйіз, табан, өркеш.

2) Жер-су, өсімдікке байланысты

Толқын, ағаш, жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл, жауқазын.

3) Аспан әлеміне байланысты

Шеңбер, жұлдыз, шимай, айшық.

4) Геометриялық фигураларға негізделген

Сүйір, ирек, төрт үш гүл.

Сабақ құрылымы: кезеңдер мен тапсырмалар

I–III. Бастау және жаңа тақырыпқа кіріспе

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткенді пысықтау:
    • Үй тапсырмасы қандай болды?
    • Натюрморт дегеніміз не?
  3. Жаңа сабаққа бағыттау (ою-өрнек туралы сұрақтар).

Топқа бөлу

Шығармашылық жұмыс үшін оқушылар 4 топқа бөлінеді:

Мүйіз
Ағаш
Айшық
Сүйір

IV. «Кім тапқыр?» ойыны

Әр топқа түрлі түсті қағаздан жасалған кілемше беріледі. Тапсырма: кілемшені әртүрлі пішіндермен толықтыру. Жылдам әрі ұқыпты орындаған топ ұпай жинайды.

V. Дәптермен жұмыс

Дәптерге «балдақ» өрнегін салу.

VI. Сергіту сәті

  • 3 рет Тақ-тақ-тақ — айтамыз тақпақ.
  • 3 рет Рақ-рақ-рақ — күзде түсер жапырақ.
  • 3 рет Қол-қол-қол — күзде егін мол.
  • 3 рет Тоқ-тоқ-тоқ — шыбын-шіркей жоқ.

VII. «Кім жылдам?» тапсырмасы

Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигураларды пайдаланып, шағын көрпеше құрастыру.

VIII. «Орнын тап» ойыны

Мұғалім әр топқа өрнек үлгілерін таратады. Тапсырма: өрнектің атауын айтып, сәйкес тобына (орнына) дұрыс орналастыру.

Үй тапсырмасы

«Толқын» өрнегін салып келу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырманы орындау жылдамдығына, ұқыптылығына, пішіндерді дұрыс құрастыруына және түстер үйлесіміне қарай бағаланады.