Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әске жоқ кеселді істен биттей қорықпақ

Абай Құнанбаев

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жөн, арамның сөзін ұқпа.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Әске жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ.
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ,
Ұстаудағы кісідей мезгілі бап,
Түні бойы шешініп бір т...ақ.

Тірі жанға құрбы боп, жап-жасыңда-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қаразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып.
Сәлемдеспей алыстан ыржаң қақпақ.



Ұқсас жұмыстар

Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері
Абайдың қара сөздері және оның тәрбиелік мәні
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын жинақтаумұрасын жинақтау
Қазақ фольклорының эстетикасы
Абайдың қара сөздері (1-10)
Тарихи хроника
Абайдың сыны
Жаңа экономикалық саясатқа дейінгі кезең
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Қашықтықтан оқыту
Балқаштың экологиялық ахуалы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).