Туған өлкесінің табиғатына оқушылардың ерекше көзқарасын қалыптастыру
Экология негіздері
Биология пәні экологиямен тікелей байланысты. Экологияны оқыту оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, өз мекеніне және Отанына жауапкершілікпен қарауға, саналы шешім қабылдауға, елін экологиялық апаттан қорғауға үлес қосуға, сондай-ақ дүниежүзіндегі экологиялық проблемаларды шешудің жолдарын іздестіруге бағыттайды.
Сондықтан бүгінгі таңда, әсіресе ауылдық жерлерде, экология пәні аса қажетті пәндердің бірі болып отыр.
Жазба хат: табиғат туралы ой
Табиғат — біздің қоршаған ортамыз. Ол адам санасынан тыс, өз заңдылығымен қалыптасқан әлем. Таза табиғат — ырыс-береке, ал ластанған табиғат — қасірет. Табиғаттың тозуы — экологиялық дағдарыстың айқын белгісі.
Табиғатты қорғауға әрбір адамды педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жас ұрпаққа білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруді талап етеді.
Экология курсының білімдік мәні
Экология пәні ең алдымен оқушылардың санасында көзқарас пен ұстанымдар жүйесін қалыптастырады: адамның мекені ретінде географиялық ортаға жауапты қарым-қатынас жасауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімді күнделікті өмірде орынды қолдануға үйретеді. Сонымен бірге өз жеріндегі табиғатты, шаруашылық пен экологиялық жағдайды бағалау білігін дамытады.
Жалпы географиялық мақсаттарды жүзеге асыруда экология курсының маңызы зор.
Өзектілігі
- Экологияның халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық мәселелерді зерттейтін ғылымға айналуы.
- Оқушылардың туған өлкесінің табиғатына ерекше көзқарасын қалыптастыру.
Проблемасы
- Адамның қоршаған ортаға қатысты көзқарасын өзгерту қажеттілігі.
- Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сақталуын және оның себеп-салдарын анықтау.