Өртенген жалау кімдікі
Мағжан Жұмабаев
- Жалынды жалау кімдікі?
- Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қызыл шоқ жалау кімдікі?
- Кім де кім: Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ ,- десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қызыл шоқ жалау кімдікі?
- Кім де кім шикі қан жұтса,
Қан аңсап жүріп шаң жұтса -
Қызыл қан жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Қанды жас жалау кімдікі?
- Кімнің ұлы құл болса,
Тұлымдысы тұл болса -
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Өртенген жалау кімдікі?
- Кім өртенген гүлдемей,
Кім таланған, кім кедей -
Өртенген жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
- Азаттық жалау кімдікі?
- Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік -
Азаттық жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
Алаш қайраткерлері
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы ақпарат
Оралхан Бөкей повестеріндегі автор-кейіпкер мәселесі
Құқықтық журналистиканың функциялары
Төл сөздің тыныс белгілері
Жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
Асық ойынының бүгіні
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Темір өртенген күн, тас өртенген күн жайы
Менің туып өскен жерім көк аспанда бұлты жоқ көк жалауы биіктен желбіреген егеменді Қазақстан
Жел жалауды желбірет
Бүгінгі Желбіре, Жеңіс жалауы
Одан мүлде көрмедім мықты әйелді, Сақтай білген жалауын жықпай елді