Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік - саяси басқару жүйесін енгізуіҚазақстан тарихы 10 сыныпМақсаты

Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі

(Қазақстан тарихы, 10-сынып)

Мақсаты

XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей үкіметі жүргізген саясаттың орнығу барысын түсіндіру және оқушылардың білімін кеңейту.

Күтілетін нәтиже

  • Нұралы хан билігінің халық арасындағы әлсіздігі туралы түсінік қалыптастырады.
  • Игельстром реформасының дайындалуы мен іске асу барысы жөнінде мәлімет алады.
  • Өз бетінше жұмыс істеп, практикалық тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолдану дағдысын дамытады.

Қамтылған модульдер

АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технология) СТО (сын тұрғысынан ойлау) ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері) ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс) ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық) ОҮБжОБ (оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау) ДО (диалогтық оқыту)

Тақырыпты ашу әдіс-тәсілдері

Жұмыс формалары

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Стратегиялар

  • Кластер әдісі
  • Ментальді карта
  • Түртіп алу стратегиясы
  • Т-кестесі
  • Хронологиялық кесте

Құрал-жабдықтар

Оқулық Интерактивті тақта Стикерлер Кесте Карта Постер Маркер АКТ

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақ барысы

Қызығушылықты ояту (Білу)

8 минут
  • «Өзіңізге тілегенді — басқаларға тілеңіз!» әдісі арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Жеке заттары арқылы топқа бөлу.
  • Топтық бағалау парақшаларын тарату.
  • БҮБ кестесін тарату.
  • Үй тапсырмасын «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұрау.

Түсіну

5 минут

Ой қозғау

Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясын қолдану.

Мағынаны тану

Оқушылар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Қазақ халқының Уақытша үкіметке көзқарасының өзгеру себептері қандай?
  2. Түркістан халықтарының тұтастық идеясы іске асты ма?
  3. Алашорда үкіметінің негізгі мақсаты қандай болды?
  4. Алаш қайраткерлері мен Ленин арасындағы келісімдер жүзеге асты ма?

Ескерту: Бұл бөлімдегі сұрақтар оқушылардың сыни ойлауын дамытуға және мәтінмен жұмыс дағдысын нығайтуға бағытталған.