Балалардың білімін тексеріп көрейін

Тәрбие сағаты

Тақырыбы

«Бастауышым — балбұлағым»

Мақсаты

Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімін ғарыш әлемімен байланыстыра отырып, ой-өрісін кеңейту, өнерін ортаға салдыру және үлкен өмірге қадам басуға дайындау. Достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайд-шоу
  • Ғарыш әлемі фотомонтажы
  • Қанатты сөздер
  • Бөлме іші әсем безендірілген

1-бөлім. Ғарыштан келген қонақ

Сценарий желісі

Барысы

Музыка ойналып тұрады. Сахнаға Робот кіреді.

Робот

Мен… мен… қайда тап болдым? Қандай елге, қандай мерекеге келіп қондым? Кім түсіндіреді екен? Мұнда не болып жатыр?

Бала

Сәлеметсіз бе, Робот ағай! Сіз Қазақстан жеріне келдіңіз. Бүгін №104 жалпы білім беретін мектепте 4 «Б» сыныбының бастауышпен қоштасу салтанаты өтіп жатыр.

Робот

Сәлем, балақай! Мен ғарыштан келдім. Осы елің туралы, ұстаздарың туралы және білімдеріңнің деңгейі жөнінде айтып берші. Егер маған ұнасаңдар, сендерді білім биігіне — жұлдыздарға сапарға алып кетемін.

Жүргізуші сөзі (1)

Сазарып жатса Сарыарқа,

Бетпаққа оны балама.

Шыңдарға жырақ космосың

Жақын боп шықты далама.

Өкпелей бермей өткенге,

Ұғып қой, ұрпақ — бақытты:

Түн болса бабаң ғарышқа

Түндіктен қарап жатыпты.

Жүргізуші сөзі (2)

Ертеңгі күннің райын

Өңінен көктің таныпты.

Сапарға шығар алдында

Аспанға қарап алыпты.

Білмей-ақ тіпті зымыран,

Құстардың айға қонарын,

Космосқа ұшқан адамға

Байқоңыр — старт боларын.

Музыкалық номер

Ән

«Отаным — Қазақстаным»

Баланың сөзі

Ғажайып ел бар — Қазақ елі деп аталады. Мұнда ұлы ғалымдар өмір сүрген, ізгілік пен сұлулық қатар өркендеген. Бұл елдің ғажайыптарына көз салсаң, ертегі әлеміне енгендей боласың. Ақыл-ойға толы дана сөздер бар, өнерлі де, әнші қыздар бар.

Музыкалық номер

Ән

«Ертегілер әлемі»

Роботтың ой түйіні

Сендерді білім биігінде жаңа бастамалар мен жаңалықтар күтіп тұр.

Ғылым мен білім туралы ойлар

Жүргізуші сөзі (1)

Өмір деген — ізденуден тұрады,

Өнер, білім — әр адамның шырағы.

Ғылым жолы мәңгілікке өлмейді,

Ал ғылым — ақ қанатың, пырағың.

Әл-Фараби — ғұлама, бәрінің

Зерттеген ол дүниенің жарығын.

Ибн-Сина — медицина ғалымы,

Құдірет деп бәрің оны таниық.

Жүргізуші сөзі (2)

Қалмайды одан ақын ұлы Абай да —

Ақыл берген тіршілікте талайға.

Сәтбаев пен Шоқан да

Отыр міне ғылым әлемі төрінде.

Білім туралы

Білім деген — қауыздан гүл ашылған,

Оған керек таусылмайтын көп шыдам.

Бар білімнің, бар ілімнің атасы —

Бастау алар бастауыш сатысынан.

Әл-Фарабидің нақылы

Ақыл — тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Ғылым — кен, күнде өніп қоздайтұғын.

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.

Күй

Орындау

«Ата толғауы»

Білімді тексеру: сұрақ-жауап

Роботтың тапсырмасы

Оқушылардың білімін байқап көру

Балалардың білімін тексеріп көрейін.

1-топ. Ана тілі

  1. 1) А. Құнанбаев туралы не білеміз?
  2. 2) Ш. Уалиханов туралы не білесің? Айтып бер.
  3. 3) Ы. Алтынсарин туралы нені үйрендік?
  4. 4) Қазақ батырларын ата. «Бес қарудың» атын жатқа айтып бер.
  5. 5) Төрт жылда оқыған мысалдарыңды ата. Мысалдың бізге берері не?

Сұрақ: Абайға тілек

Бала

Абай ата, білімді балаларға қандай тілек айтар едіңіз?

Абай

Ғылым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?» деп

Айтпа — ғылым сүйсеңіз.

Музыкалық номер

Ән

«Желсіз түнде жарық ай»

Сұрақ: Шоқанның жауабы

Бала

Шоқан аға, менің сізге қояр сұрағым бар: жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?

Шоқан

  • Жерден ауыр — ақыл, білім.
  • Судан терең — оқу, ғылым.
  • Оттан ыстық — өмір (жалған дүние).
  • Көктен биік — тәкаппардың көңілі.