Шешесі неше жаста
Дараланған дарын
Бұл сайыстың мақсаты — ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру және білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Бөлімдері
- Таныстыру
- Дода
- Полиглот
- Бәйге
- Мен — Қазақстан болашағымын
- Жекпе-жек
Кіріспе
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Дарындылар елінде
Сұрақтар шешіп, жасырын
Шабыт толып, көңілді кеш жасайық!
Мұнда қызық табылады: жұмбақ та бар, есеп те бар. Ал сайыскер балалар, білімдеріңізді сынайық. Дараланған дарынды арамыздан табайық!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 4-сынып оқушылары арасында өтетін «Дараланған дарын» атты сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз.
(Қазылар алқасы сайланады. Музыкалық әуен ойнатылады.)
Сайыскерлерді таныстыру
Қазақ жігіттері! Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Бәрінен де ең байысы — барлығының қатты істейтін миы бар.
Қатысушылар
- Алтай Ажар
- (Тізім толықтырылады)
Орындарыңызға отырыңыздар.
І бөлім — «Дода» (Математика)
Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік сіздей өренді математика сырына жетелейді. Қадамдарыңыз оң болсын — сәт сапар тілейміз!
Бұл бөлім МАБ-қа байланысты құрылған. 1-бөлімде математика пәнінен сұрақтар беріліп, сайыскерлердің білімі сыналады.
Ереже
- Тест 10 сұрақтан тұрады.
- Әр сұраққа бір дұрыс жауап таңдалады.
Ал, іске сәт! Сәттілік!
Тест сұрақтары
-
Бос орында қандай таңба болуы тиіс: 7 т — ? ц
-
Лақтың салмағы 8 кг. Ал ешкінің салмағы одан 3 есе артық. Ешкі неше килограмм тартады?
-
Баласы 9 жаста, бұл шешесінен 35 жас кіші. Шешесі неше жаста?
-
Әріпті өрнекті белгіле.
-
Не жеңіл: 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме?
Ескерту: Бұл сұрақта жауап нұсқалары толық көрсетілмеген.