Сұрақ қою
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сыр сұхбат»
Бұл кеш — оқушылар мен ұстаздар арасындағы ашық әңгіме, топтық ойын және шығармашылық тапсырмалар арқылы информатикаға қызығушылықты арттыруға арналған танымдық кездесу.
1) Білімділік
Жалпы информатика курсы бойынша білімді қорытындылау. Оқушылар үлгі тұтатын мұғалімдері туралы мағлұмат алу. Кей ұстаздар барлық сыныпқа тікелей сабақ бермейтіндіктен, танысып-білуге мүмкіндік жасау.
2) Дамытушылық
Пәнге қызығушылықты арттыру, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілет пен логикалық ойлауды дамыту.
3) Тәрбиелік
Біліктілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа баулу; бәсекеге қабілеттілік пен ұжымдық жауапкершілікті қалыптастыру.
Кіріспе: «Информатика болашаққа бастайды, информатика озады бар ғасырды. Ой түйіндеп жетелейді адамды, барлық әлем жаңалығын тастайды…» — деп, бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Сыр сұхбат» кешіне қош келдіңіздер. Бақ пен бап сыналар бұл сайыста қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Ойын ережесі және ұйымдастыру
Топтарға бөлу
Сынып 2 топқа бөлінеді: «Крестиктер» және «Ноликтер». Әр топта 6 оқушы.
Топ басшылары
- «Крестиктер» тобының жетекшісі — оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбдіғапарова А. П.
- «Ноликтер» тобының жетекшісі — информатика пәні мұғалімі Кәрімбаев Т. Ж.
Формат
5 тур
Әр турда 2 бөлім: сұхбат және тапсырма.
Сұрақ-жауап
Бұл жолы сұрақты ұстаздар қояды, оқушылар жауап береді.
Бағалау
Ұпайлар смайликтер арқылы есептеледі.
Турлар мазмұны
1-тур
Сұрақ
Әбдіғапарова А. П. және Кәрімбаев Т. Ж. — кім? Экрандағы мәліметке назар аударайық. Берілген ақпаратпен келісесіздер ме?
Тапсырма: «Ойынды тап»
Қазіргі уақытта компьютерлер үйде де, мекемелерде де кең қолданылады. Компьютерде ойын ойнайсыздар ма? Кәрімбаев Т. Ж., сіз ұлттық ойындарды ойнайсыз ба?
«Крестиктер»
Компьютер ойындарының суреттері беріледі.
- Call of Duty
- GTA
- PES
- FIFA
- Warcraft
- Counter-Strike
«Ноликтер»
Ұлттық ойындардың суреттері беріледі.
- Алтын сақа
- Қазақша күрес
- Алтыбақан
- Тоғызқұмалақ
- Көкпар
Тапсырманы сәтті орындадық деп ойлаймыз.
2-тур
Сұрақ
Сіз үшін әріптестеріңіздің пікірі қаншалықты маңызды? Бейнематериалға назар аударайық. Айтылған оймен келісесіздер ме?
Тапсырма: «Алтын сөз»
Әдебиетпен байланысты тапсырма: компьютер тақырыбындағы мақал-мәтелдер оқылады. Сіздер олардың тура мағынасын табасыздар.
Компьютерлендірілген нұсқа
- «Вирусты антивирус өлтіреді, антивирусты уақыт өлтіреді.»
- «Антивирус компьютер үшін туады, компьютер үшін өледі.»
- «Ағаш тамырымен мықты, компьютер процессорымен мықты.»
- «Жақсы Word — жарым ырыс.»
- «Операциялық жүйе — буынсыз, процессор — түпсіз.»
- «Көп компьютерден жоқ ешбір пайда, екі компьютерің болса біреуін таңда.»
Дәстүрлі нұсқа
- «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.»
- «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.»
- «Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты.»
- «Жақсы сөз — жарым ырыс.»
- «Тіл — буынсыз, ой — түпсіз.»
- «Көп ойдан жоқ ешбір пайда, екі ойың болса біреуін таңда.»
Тапсырманы жақсы орындаған сияқтымыз.
3-тур
Сұрақ
Оқушылар ұстаздарға өздерін толғандырған сұрақтарын қояды (ашық микрофон форматы).
Тапсырма: «Суретшілер әлемі»
Берілген ұғымды қимыл-қозғалыспен көрсетеміз, қарсы топ табуы керек.
«Крестиктер»
- Тышқан
- Компьютерде ойын ойнап отырған бала
«Ноликтер»
- Принтер
- Компьютер қатып қалды
4-тур
Сұрақ
Қазіргі атқарып жүрген қызметіңізге көңіліңіз тола ма? Әлде әлі де қол жеткізгіңіз келетін биік мақсат, орындалмай жүрген арманыңыз бар ма?
Қызықты деректер (әзіл аралас)
- Нағыз программист азық-түлік таусылса да, пернетақтадағы қиқыммен қоректеніп, бір апта өмір сүре алады екен.
- MS компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өмірден өткен соң, «Қоқыс жәшігіне» түседі екен (әзіл).
- Программист пианисттің жаңа роялін көріп: «Пернелері қолайсыз екен: небәрі 84 перне, жартысы функционалды, бірде-бірінде жазу жоқ. Бірақ Shift-ті аяқпен басатыны жақсы екен», — депті.
Тапсырма: «Логикалық сұрақтар»
1) Үстелде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?
Жауап: Үш стақан (стақандар саны өзгермейді).
2) Көшеде екі әке, екі бала және ата немересімен серуендеп жүр. Неше адам?
Жауап: Үшеу.
3) Доп өз ізімен кері қайтуы үшін қалай лақтыру керек?
Жауап: Жоғары қарай.
4) Айдын Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан аласа. Ең ұзын кім?
Жауап: Жанат.
5) Менің атым Медет. Тәтемнің бір ғана інісі бар. Тәтемнің інісінің аты кім?
Жауап: Медет.
6) Термометр −3°С көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауап: −3°С.
7) Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Алдымен нені жағасыз?
Жауап: Шырпыны.
8) Суды қай кезде қолмен «кесіп алуға» болады?
Жауап: Мұз қылып қатырғанда.
5-тур
Сұрақ
Қазір ауылда да, қалада да далада асыр салып ойнап жүрген баланы сирек көреміз. Себебі оларды үйге «байлап» қоятын бір нәрсе бар — ол компьютер. Осы ойға көзқарасыңыз қандай?
Тапсырма: «Серігу»
Компьютер алдында көп отыратын балаларға арналған жаттығулар ойлап табыңыздар және осы жерде бірге орындап көрейік. Кезекпен ұсынамыз: кім көбірек әрі пайдалы жаттығу ұсынады?
Қосымша бөлім (сұхбат + әзіл)
Сұрақ
Әзіл айтқанды жақсы көресіз бе? Бір қызықты оқиға немесе анекдот айтып берсеңіз.
Тапсырма: «Аяқталмаған анекдот»
1) Биология сабағы
– Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
– Тері түсіп қалмау үшін, апай.
2) Үй тапсырмасы
Мұғалім: – Сәбит, үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушы: – Мамам базардан «Кубанка» деген бөрік көрсеңіз, хабарла дегенсіз.
3) Ашық сабақ
– Мереке, Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін жатқа айтшы, – дейді апай.
– Артта отырған мұғалімдерден ұяламын, – дейді Мереке.
4) Төрт элемент
Мұғалім: – Табиғаттың негізгі төрт элементін ата!
Оқушы: – Жер, ауа, от...
Мұғалім: – Төртіншісі ше? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы: – Таптым: сабынмен!
Қорытынды
Смайликтерді санаймыз, нәтижесін шығарамыз. Жеңімпаз топ марапатталады.