Ыңғайлас салалас
Сабақ жоспары
Салалас құрмаластың түрлері: Ыңғайлас салалас
Бұл сабақ салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін жүйелі түрде таныстырып, әсіресе ыңғайлас салалас құрылымының мағыналық байланысын ажыратуға бағытталған.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Типі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Тарих
- Өнер
- Музыка
Құралдар мен ресурстар
- Сызбалар
- Интерактивті тақта
- Слайд-шоу
- Интернет желісі
- Кітапхана қоры
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен таныстыру; ыңғайлас салалас туралы мағлұмат беру; құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасын ажырата білуге үйрету; жалғаулықты және жалғаулықсыз байланысу түрлерін меңгерту.
Дамытушылық
Танымын, сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; талдау және салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Елін, жерін сүюге баулу; мәдени мұраны дәріптей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1)Амандасу.
- 2)Оқушыларды түгендеу.
- 3)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, сабақ барысымен таныстыру.
- 4)Психологиялық дайындық: М. Мақатаевтың «Қызық өмір» өлеңінен үзінді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысы
«Қараш-қараш оқиғасы» шығармасынан 6 сөйлем: жай сөйлем, құрмалас сөйлем, салалас сөйлем және оның түрлерін ажырату.
Қайталау: «Оқу — айна»
Зымыран сұрақтар арқылы қысқа қайталау
1. М. Мақатаевтың туған күні
09.02
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері
Салалас, сабақтас, аралас
3. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» — кімнің сөзі?
Н. Ә. Назарбаев
4. «Салалас» ұғымына ассоциация
Тең дәрежелі жай сөйлемдерден құралған құрмалас
5. 11-сыныптан кейін тапсырылатын сынақ
ҰБТ
6. «Қазақстан — 2050» стратегиясы қашан жарияланды?
14.12.2012
7. Салаластың жай сөйлемдері қалай байланысады?
Жалғаулықты, жалғаулықсыз
8. Лондон Олимпиадасындағы Қазақстанның алтын медаль саны
7
9. Бастауыш
Сөйлем мүшесі
10. Латын әліпбиіне қай жылдан бастап көшу жоспарланған?
2025
11. «Емтихан» сөзі қай тілден енген?
Араб тілінен
12. Жалаң және …
Жайылма
13. Салалас құрмалас қандай мәнді жалғаулық шылаулармен байланысады?
Ыңғайлас, қарсылықты, себеп–салдар, талғаулы, кезектес
14. Сөйлем мүшелері құрамына қарай
Дара, күрделі, үйірлі
15. «Қазақстан 2050 жылға қарай…» тіркесі қайдан алынды?
«Қазақстан — 2050» стратегиясынан
III. Жаңа материал
Слайд №2–4Салалас құрмаластың түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасына қарай:
- Ыңғайлас салалас
- Қарсылықты салалас
- Себеп–салдар салалас
- Түсіндірмелі салалас
- Талғаулы салалас
- Кезектес салалас
Қысқаша анықтамалар
- Ыңғайлас салалас
- Бір сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі оймен мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қабысады.
- Қарсылықты салалас
- Біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы беріледі.
- Себеп–салдар салалас
- Алдыңғысы соңғысының (немесе керісінше) себебін білдіреді.
- Түсіндірмелі салалас
- Алдыңғысы нұсқап, соңғысы мазмұнын ашып, талдап түсіндіреді.
- Талғаулы салалас
- Әрекеттердің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.
- Кезектес салалас
- Іс-оқиғаның кезектесіп келуін білдіреді.
Ыңғайлас салалас: байланысу жолдары
Жалғаулықсыз
Үлгі: _____, _____.
Жалғаулықты
Жалғаулықтар: да, де, та, те, әрі, және
Үлгі: ____ да, ____.
Семантикалық карта
Кесте оқушылардың көмегімен толтырылады.
Жаттығу жұмыстары: Ақтөбе ескерткіштеріне саяхат
Слайд №6–11Интерактивті тақта арқылы қала ескерткіштеріне виртуалды саяхат жасалады. Саяхат барысында М. Мақатаев сөздеріне жазылған әндер топтамасы тыңдалады.
Әбілқайыр хан ескерткіші
97-жаттығу (ауызша)Мақсат: сөйлемнің ыңғайлас салалас екенін дәлелдеу, жай сөйлемдердің байланысу түрін анықтау.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықты
Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, ат та көп, ас та көп.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз
Ол мені көтеріп жібергісі келеді, мен оны көтеріп жібергім келеді.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз
Айғай өте ұзаққа созылды және еш нәрсені түсінерліктей болмады.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықты
Мынаның егіні бәрінен де жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп оларда жоқ.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықты
Ауылымыз қашық емес, қазір-ақ барып жетеміз.
Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз
«Қан мен тер» ескерткіші
99-жаттығу (жазбаша)Тапсырма: мәтінді көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қою. Ыңғайлас салаластағы мезгіл мәнін түсіндіру: бір мезгілде ме, әлде іле-шала ма?
Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен-кіші қонақтардың айналасына жиылды.
Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды.
Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді.
Жолдас аға лейтенант, пулеметті маған беріңіз де, тез зеңбірекке қарай жүгіріңіз.
Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олар аяқтары жерге тимей ұша жөнелді.
Мұз жарылды, өзендерде сең жүре бастады.
Қысқа тексеру
Слайд №9Баламалы тест (иә/жоқ) интерактивті тақта арқылы орындалады.
Ахмет Жұбанов ескерткіші
98-жаттығу (ауызша)Тапсырма: қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажырату; сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
Қосымша материал: «Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер» кестесі.
Слайд №11
IV. Бекіту
Слайд №12«Сандар сыры» пирамидасы
Сандар пирамида үлгісінде орналастырылады және әр санға сәйкес тілдік ұғымдар еске түсіріледі.
9
9 сөз табы
7
7 септік; үстеудің 7 мағыналық түрі
6
Салаластың 6 түрі; сабақтастың 6 түрі; ыңғайлас мәнді 6 жалғаулық
5 / 4 / 3 / 2
5 еріндік дауысты; жалғаудың 4 түрі; 3 тұрлаулы мүше; 2 тұрлаусыз мүше
42 / 37 / 25 / 12 / 9
42 әріп; 37 дыбыс; 25 дауыссыз; 12 дауысты; 9 төл дыбыс
Рефлексия
«Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін…» деген ойды 1–2 ыңғайлас салалас сөйлеммен қорытындылап жазыңдар.
V. Үйге тапсырма
- 1)99-жаттығу (жазбаша).
- 2)Ережені және жалғаулық шылауларды жаттау.
- 3)Ақтөбе қаласындағы бір ескерткіш туралы ізденіс жұмысы.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, жаттығуларды орындауы және талдау сапасы бойынша бағаланады.
Бағалау өлшемдері
- Мағыналық байланысты дұрыс анықтау
- Жалғаулықты/жалғаулықсыз түрін ажырату
- Тыныс белгілерін сауатты қою
- Сөйлем мүшелеріне талдау жасай білу