Ортаңғы Ботақан тобында ұйымдастырылған музыкалық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы

Ұйымдастырылған музыкалық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ

Ортаңғы «Ботақан» тобы

Білім беру саласы

Шығармашылық

Оқу іс-әрекет түрі

Музыка

Тақырыбы

«Әніміз бар тамаша!»

Мақсаты

  • Балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру.
  • Әнді мұқият тыңдап, сипатын ажырату және бірге ән айту дағдыларын жетілдіру.
  • Ән ырғағын дәл сақтап орындауға үйрету.
  • Әнге қызығушылықтарын ояту.
  • Музыкалық есту және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Салыстыру Сәйкестендіру Ой қозғау Миға шабуыл Топтық жұмыс Дидактикалық ойын

Көрнекіліктер

  • Ойынға арналған үйлер және суретті алмалар (слайд).
  • «Әнші төлдер» макеті.
  • Көңілді шарлар.

Билингвизм

Қазақша

ән

песня

Қазақша

әнші

певец

Қазақша

ақын

поэт

Қазақша

сазгер

композитор

Сабақ барысы (музыка жетекшісінің іс-әрекеті)

I. Бастапқы жүріс

«Балдырғандар маршы»

Екпінді марш әуені ойналып, балаларды қарсы алады. Балалар әуенмен бірге сәлемдесіп, өлең жолдарын әуезді түрде айтады:

Біз — көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі,
Би де билеп аламыз.

II. Музыкалық-ырғақты қимылдар

«Келші, құрбым, билейік»

Балаларды әннің сөзі мен ырғағына сай жұптасып би қимылдарын орындауға шақырады. Мұғалім балалармен бірге ән салып, қимылдарды дұрыс орындауына бағыт береді.

III. Музыка тыңдау

Ой қозғау (сұрақ-жауап)

Мұғалім ән туралы түсінікті нақтылау үшін сұрақтар қояды. Әннің әуен мен сөздің үйлесуінен пайда болатынын пысықтайды. «Ән», «әуен» сөздерінің орысша баламасын қайталатады және бекітеді.

  • Әнді кім шығарады?
  • Қандай сазгерлерді білеміз?
  • Әннің сөзін кім жазады?
  • Әнді орындайтын адамды қалай атаймыз?
  • Қандай ырғақтағы әндерді білеміз?

Шағын тапсырма

Бір бала таныс әннің әуенін «ля-ля» буыны арқылы орындап береді, ал екінші бала сол әннің сөзін тақпақтап айтады.

Назар аударту

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аударады: «Бұл үйдегілер не істеп жатыр?»

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Бұл үйдегілер не істеуде?»

Тыңдау және сәйкестендіру

Ойын шарты: мұғалім әртүрлі сипаттағы әуендерді қосады, ал балалар сол әуенге қарап, үйдегілердің қандай әрекет жасап жатқанын табады. Дұрыс жауап болған жағдайда көңілді әуен ойналады.

Марш

«Елімізді сүйеміз»

Ж. Қалжанова

Вальс

«Күзге сәлем!»

А. Еспенбетова

Бесік жыры

«Әлди»

Халық әні

IV. Дауыс жаттығулары

Жаттығулар бірүнділікпен орындалады. Мұғалім дыбысты таза, әуенді дұрыс айтуға мән береді. «Музыкалық баспалдақ» арқылы дауыс жаттығуларын жасатады.

V. Ән салу

1) «Елімнің ертеңгі иесі — біз!»

А. Еспенбетова

Өткен ән еске түсіріледі. Балалардан әннің атауын және сазгерін атау сұралады. Орындау тәртібі: шумағын — жеке дауыста, қайырмасын — хормен (үнтаспаға қосылып) айту ұсынылады. Мұғалім дирижерлік жасап, әнді бірге бастап, бірге аяқтауды қадағалайды.

2) «Әніміз бар тамаша!»

Ән үйрену жалғасады. Интерактивті тақтадағы ырғақтық сурет (үлкен және кіші алмалар) арқылы балалар ән ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттығады.

Топпен орындау

«Әнші төлдер» әнге қосылуға келгені айтылады. Балалар төлдермен бірге әнді ырғақты сақтай отырып орындайды: I қатар — ботақандар, II қатар — бұзауқандар, III қатар — лақтар, IV қатар — құлыншақтар, ал қайырмасын барлық топ бірігіп айтады.

VI. Ойын ойнау

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»

Балалар ойын алаңына көңілді шарларды алып келеді. Мұғалім ойын шартын түсіндіреді, санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды.

Достығымыз жараса,
Асыр салып таласа,
Ойынды тез бастайық,
Шартын қатаң сақтайық.
1–2–3 — ойын баста, ұш!

Ойын барысы

  • Әннің I шумағында балалар шарларды артына жасырып, шеңбер бойымен жай жүріп әндетеді.
  • Қайырмасында көңілді шарларды «іске қосып», ырғақты соғып, әнді көтеріңкі көңіл-күймен жалғастырады.