Сандар сыры

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс)

Мақсаты

  • Қазақстан туралы жинақталған білімді жүйелеу және танымдық қабілетті арттыру.
  • Ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту; өз ойын анық жеткізуге және ізденуге баулу.
  • Туған жерді, Отанды қастерлеуге және сүюге тәрбиелеу.

Ұраны

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». — Ш. Уәлиханов

Негізгі ой: азаттық пен білім — елді өркендететін екі тірек.

Дайындық

Көрнекіліктер: слайдтар, «Менің Қазақстаным» және «Тәуелсіздік тарихнамасы» плакаттары, күй дискілері, цитаталар.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет, қазақ тілі.

Сайыстың басталуы

Сайыс Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылады.

Кіріспе ой

Тәуелсіздік — қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Ол — сан ғасыр бойы бабаларымыз аңсаған асыл арман. Тәуелсіздік ақ қанатты періштедей халқымыздың бағына айналды.

1995 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласында ел тәуелсіздігінің белгісі ретінде Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады.

Егемендік иесі — «мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе — көркем сөз.

Егемендік — ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егемендік деген сөзден естілер,
Атажұрттың арғысы мен бергісі.

Түйін: Тәуелсіздікті ақ сұңқарға теңесек, оны көздің қарашығындай қорғап, мәпелеп, құрметтей білейік. Отанымыз Бәйтеректей асқақтап, көркейе берсін.

Тәуелсіздік тарихнамасы

Ел тәуелсіздігіне 21 жыл толған кезеңге арналған шолу: негізгі жылдар мен маңызды оқиғаларды еске түсіреміз.

1991
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды. Қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. ҚР Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1992
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті.
1993
ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. Қараша айында ұлттық валюта енгізілді.
1994
Халықаралық отбасы жылы.
1995
Ұлы ақын Абай жылы.
1996
Бейбітшілік пен рухани татулық жылы.
1997
Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1998
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000
Мәдениетті қолдау жылы.
2001
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл.
2002
Денсаулық сақтау жылы.
2003
Ауылды қолдау жылы.
2004
Қазақстандағы Ресей жылы.
2005
Ұлы Жеңіске 60 жыл.
2006
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 15 жыл.
2007
Қазақ тілін қолдау жылы.
2008
Астана — елбасы ерлігі.
2009
Германиядағы Қазақстан жылы.
2010
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылы. Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті.
2011
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл.
2012
Тұңғыш Президент күні мерекесі жарияланды.

Музыкалық үзіліс: «Жаса, Қазақстаным» әні хормен орындалады.

Қатысушылар және бағалау

Топтар

1) «Жас қыран» тобы

Ұраны: «Білім, ғылым, өнерге талмай қанат қағамыз, Қазақстандай ұлы елдің қырандары боламыз!»

2) «Бәйтерек» тобы

Ұраны: «Бәйтерек, шық бүгін сайысқа, білімді сынауда қалыспа. Көк туын құрметтеп, сүйіп те, ел даңқын көтер сен биікке».

Әділқазылар және тәртіп

  • Әділқазылар алқасы сайланады.
  • Бағалау парақтары таратылады.
  • Әр топ өз таныстыруын ұсынады.

Сайыс бөлімдері

1) Әріптер сөйлейді

Таңдалған әріпке байланысты сұрақ қойылады; жауап сол әріптен басталады немесе ішінде кездеседі.

2) Сандар сыры

3, 4, 5, 7 сандарының мәні мен ұлттық танымға қатысты сұрақтар.

3) Пәндер сыры

Қазақ тілі, математика, әдебиет, дүниетану пәндерінен тапсырмалар.

4) Шығармашылық тапсырма

Ұйқас арқылы өлең құрастыру және мақал-мәтелді жалғастыру.

1-бөлім: «Әріптер сөйлейді»

Экраннан әріптер көрсетіледі. Әріп таңдалған соң сұрақ оқылады: жауап сол әріптен басталуы немесе жауаптың ішінде сол әріп болуы керек.

А

Еліміздің оңтүстік астанасы: Алматы

Ә

Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр

Б

Астананың символы: Бәйтерек

В

1993 ж. қарашадағы тарихи оқиға: валюта енгізілді

Г

Мемлекеттік рәміз: Гимн

Ғ

Н. Ә. Назарбаевқа берілген атақ: «Ғасыр адамы»

Д

Әмір, міндет пен тыйымдар жиынтығы: Дін

Е

Алтын адам табылған орын: Есік қаласы маңы

Ж

«Мен қазақпын» поэмасының авторы: Жұбан Молдағалиев

З

Сиырдың пірі: Зеңгі баба

И

Елбасының мамандығы: инженер-металлург

К

Қазақтың соңғы ханы: Кенесары

Қ

Инженер-геолог, академик: Қ. Сәтпаев

Л

Желтоқсан құрбаны, қаһарман қыз: Ләззат Асанова

М

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: Мұхтар Құл-Мұхаммед

Н

Күйші, сазгер, дирижер: Нұрғиса Тілендиев

О

Қазақстанның бұрынғы астанасы: Орынбор

Ө

«Бес дұшпанның» бірі: өсек (өтірік)

П

Жоғарғы заң шығарушы орган: Парламент

Р

«Бес асыл істің» бірі: рақым

С

2010 ж. Астанада өткен ЕҚЫҰ жиыны: саммит

Т

Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған мемлекет: Түркия

У

Төлдегеннен кейінгі алғашқы сүт: уыз

Ф

«Екінші ұстаз» атанған ғұлама: Әл‑Фараби

Ц

Астананың бұрынғы атауы: Целиноград

Ь

Бейжің Олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет: Илья Ильин

Музыкалық үзіліс: Мусалимова Дильназдың орындауында «Қамажай» (флейта).

2-бөлім: «Сандар сыры»

Әр топ 3, 4, 5, 7 сандарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар — сол сандардың қасиеті мен ұлттық ұғымдар аясында.

3 саны

  • 10: Үш дана — Абай, Шоқан, Ыбырай
  • 10: Үш арыс
  • 20: Үш байлық — денсаулық, ақ жаулық, он саулық
  • 20: Үш қадірлі — бақ, ырыс, дәулет
  • 30: Үш тұл — қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым
  • 30: Үш алыс — көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы

4 саны

  • 10: Төрт маусым — қыс, көктем, жаз, күз
  • 20: Төрт тұлға — от, су, жер, жел
  • 30: Төрт кітап — Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран
  • 30: Төрт періште — Жәбірейіл, Мекайіл, Әзірейіл, Исрафил

5 саны

  • 10: Бес парыз — иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
  • 10: Бес қару — садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
  • 20: Бес жаратылыс — күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
  • 30: Бес өсиет — топасқа сенбе; жайға иілме; әрқашан сақ жүр; аш үйге қонба; жарлыдан сый алма

7 саны

  • 10: Жеті күн — дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
  • 10: Жеті ата — бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата
  • 20: Жеті қазына — ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы
  • 30: Жеті жұт — зілзала, жұт, оба, өрт, топан су, құрғақшылық, соғыс
  • 30: Жеті жоқ — Аллада бауыр жоқ; аспанда тіреуіш жоқ; жерде өлшеуіш жоқ; таста тамыр жоқ; тасбақада талақ жоқ; аққуда сүт жоқ; жылқыда өт жоқ

Музыкалық үзіліс: Каримжанова Асельдің орындауында араб биі.

3-бөлім: «Пәндер сыры»

Бұл бөлімде топтар әр пән бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Қазақ тілі

  • 10: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
  • 20: «Бостандық» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  • 30: Сөйлем мүшелерінің байланысу ережесін түсіндір: «Суретші әсем табиғатты бейнеледі».

Математика

  • 10: 7 санының квадраты.
  • 20: Ұзындығы 8 см, ені 5 см тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап: P = 26 см, S = 40 см².
  • 30: Сатып алынған заттың құнын қалай табамыз? Бағаны санға көбейтеміз.

Әдебиет

  • 10: Тәуке, Абылай хандар тұсында өмір сүрген ұлы ойшыл, жырау: Бұқар жырау.
  • 20: «Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жер-су атаулары: Баянауыл, Қалмаққырған, Шідерті, Шүршітқырған, Омбы, Шойынкөл, Жасыбай.
  • 30: «Қобыланды батыр» жырынан үзіндіні жатқа айту.

Дүниетану

  • 10: Гранит қандай бөлшектерден тұрады және қай облыста өндіріледі? Дала шпаты, кварц, слюда; Жамбыл облысында.
  • 20: Апат дегеніміз не? Жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, сел сияқты құбылыстар апатқа жатады; ол адам өміріне қауіп төндіріп, елді мекендерге зиян келтіреді.
  • 30: Ас қорыту жүйесін ата: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, асқазан, бауыр, ащы ішек, тоқ ішек.

4-бөлім: Шығармашылық тапсырма

Өлең құрастыру

Берілген ұйқастар бойынша өлең шығару.

Мақалды жалғастыр

Берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Соңғы сөз — әділқазылар алқасында. Нәтижелер қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.

Қорытынды ән: Есімбек Иманғалидың орындауында «Атамекен».

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}