Жаңа сөздермен таныстыру, сөздік қорларын молайту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті, 6-сынып
Тақырып
Туған жерімнің табиғаты
Мұғалім
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оморзакова Гүлнұр
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар; «Қазақ тілі» 6-сынып оқулығы: Т. М. Артыкова, А. С. Жаканбаева, Х. М. Төлеуова.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Жалпы мақсат
- Тақырыпқа қатысты тапсырмалар мен жаттығуларды орындау.
- Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, қазақша түсіну және сөйлесу деңгейін көтеру.
- Топтық жұмыс арқылы пәнге қызығушылықты арттыру.
- Жаңа сөздермен таныстыру, сөздік қорды молайту.
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижелері
- Сауатты жазып, сауатты сөйлей алады.
- Сөздік қоры байып, сөйлеу қабілеті дамиды.
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Түйінді идея
Тапсырмалар орындау, сөйлем құрастыру, ойды түсіндіру және дәлелдеу.
Ресурстар
Сабақ барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасы
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Тіл жаттықтыру
Қазақ тілін біз оқимыз,
Кілең бестік аламыз.
Бәрін миға біз тоқимыз,
Бәрін жақсы ұғамыз!
2) Тақырып пен мақсат
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Сыныпты түстер арқылы 6 топқа бөлу.
3) Жаңа сөздер
Оқушылар жаңа сөздермен танысып, оларды сөйлем ішінде қолданады.
Қазақша
- айнала
- жазықтар
- сарқырап аққан бұлақ суы
- таң қаласың
- әрбір
- ыстық әрі қымбат
- сені сағынамын
- көргенше асығамын
- мамық
- көркейтуге көмектесемін
Орысша аудармасы
- кругом
- равнины
- журчащие воды родника
- удивляешься
- каждый
- дороги
- скучаю по тебе
- спешу увидеть
- пушистый
- помогу процветанию
Тапсырма: жаңа сөздерді қолданып, бірнеше сөйлем құрастырыңдар.
4) Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді оқу.
- Оқулықта берілген мәтінді аудару.
5) Грамматика: жіктік жалғауы
Тапсырма: жіктік жалғауын тауып, оның қай сөзге жалғанғанын айтыңдар.
Үлгі
таң қаласың — жіктік жалғауының ІІ жағы.
6) Сұрақ-жауап (диалог)
Тапсырма: сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жұппен (немесе топ ішінде) өзара сөйлесіңдер.
Как называется твоя родина? — Сенің Отаның қалай аталады?
Где ты родился? — Сен қайда тудың?
Твоя родина красивая? — Сенің Отаның әдемі ме?
Какие озера, реки, горы есть у тебя на родине? — Сенің Отаныңда қандай өзен, көлдер, таулар бар?
Какие птицы, звери обитают на твоей земле? — Сенің жеріңде қандай құстар, аңдар мекендейді?
Чем тебе дорога родная земля? — Саған туған жерің несімен қымбат?
7) «Алты қалпақ» әдісі
- Әр топқа екі қалпақтан таратылады.
- Қалпақ түсіне қарай топтың қызметі анықталады.
- Әр топ өз рөлі бойынша тақырыптың мәнін ашады.
Көрнекілік және қорытынды жұмыс
- Қазақстанның көрікті жерлері слайд арқылы көрсетіледі.
- Топтар қалпақтың қызметіне сай постер дайындап, қорғайды.
8) Рефлексия
Оқушылар смайлдар арқылы сабақты қаншалықты түсінгенін көрсетеді.
Жоғары деңгей
Тақырыпты толық түсіндім.
Орта деңгей
Негізін түсіндім, әлі жаттығу керек.
Төмен деңгей
Қосымша түсіндіру қажет.
Үй тапсырмасы және бағалау
Қосымша тапсырмалар
- 3-тапсырма (97-бет).
- Мақал-мәтелдерді жаттау.
- Сөздікті жаттау.
Бағалау
- Формативті бағалау.
- Суммативті бағалау.