Интерактивті тақтада дайындалған тапсырмалар

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы
Білім беру ұйымы
№3 Алға қазақ орта мектебі
Пән мұғалімі
Төребекова Жаңылсын Барсаевна (математика)
Тақырып
«Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру» тарауын қайталау (презентациямен)

Мақсаты

Білімдік мақсат

Оқушылардың «алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және пысықтау.

Дамытушылық мақсат

Ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту; есептеу дағдыларын жетілдіру; пәнаралық байланысты нығайту.

Тәрбиелік мақсат

Іскерлікке, өз бетінше еңбектенуге, білім алуға ынталандыру; бәсекелестік пен жинақылыққа тәрбиелеу; пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Кіріспе кезең
    • Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • Сабақтың мақсатын нақты түсіндіру.

    • Оқушыларды екі топқа бөлу.

  2. II. «Есте сақта!» тапсырмасы

    Жадты дамыту

    Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында кестеде берілген өрнектер 1 минут көрсетіледі, кейін жабылады.

    Нұсқаулық: Уақыт аяқталған соң оқушылар көрген өрнектерін дәптерге жазады.