Сын есімнің сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты
- Сын есім туралы білімді пысықтап, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу.
- Сөздік қорды молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
- Ой-өрісті кеңейтіп, дара және күрделі сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Суреттер
- Топтық жұмыс парақшалары
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жағымды көңіл күй қалыптастыру, сабаққа назар аударту.
Сәлемдесу
Оқушылармен амандасып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырыпты қайталау және негізгі ұғымдарды еске түсіру
- 1) Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
- 2) Зат есім дегеніміз не?
- 3) «Арал», «Талдықорған», «Айжан» — қандай зат есімдер?
- 4) Етістік дегеніміз не?
- 5) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- 6) Өткен шаққа мысал келтір.
- 7) Сын есім дегеніміз не?
- 8) «Оқушылар суық күндері демалды.» Сын есім қызметіндегі сөзді тап.
III. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ: мақал-мәтелдерден сын есімдерді табу
Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді анықтап, олардың мағынасына назар аударайық.
-
1) Тілі тәтті, діні қатты.
-
2) Жақсы кісі жығылса, жаман адам табылар.
-
3) Сабыр түбі — сары алтын.
-
4) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Ереже: сын есімнің анықтамасы және түрлері
Сын есім — заттың сынын, түр-түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
Дара сын есім
Тек бір сөзден жасалады: сары, биік.
Күрделі сын есім
Екі немесе одан да көп сөзден жасалады: сары ала, қара торы, үлкен-үлкен, алтын баулы.
IV. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыр. Екі сөзден құралған сын есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
2-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді тауып, оларды салыстыр.
«Боксшылар» мәтіні (ауызша орындалады).
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.
Топпен жұмыс
«Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша дара және күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
3-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы. Қошқарды сипаттап тұрған сын есімдерді ата. Олардың қайсысы күрделі сын есім екенін анықта.
4-жаттығу
Берілген сын есімдерді екі топқа бөліп жаз: дарасын бір бөлек, күрделісін бір бөлек. Екі дара және екі күрделі сын есімді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
V. Сабақты қорытындылау
Жедел сұрақтар
- Денсаулық қандай байлық?
- Зор.
- Бір сөзден құралған сын есім қалай аталады?
- Дара сын есім.
- «Тәтті» сөзі заттың несін білдіреді?
- Дәмін.
- «Әдемі» сөзі қандай сын есім?
- Дара.
- Сын есімнің сұрақтары қандай?
- Қандай? Қай?
- Тудың түсі қандай?
- Көгілдір.
- «Үлкен-кіші» тіркесі қандай сын есім?
- Күрделі.
- Күрделі сын есім дегеніміз не?
- Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сын есім.
Рефлексия және бағалау
Топты бағалау: сабақ барысында белсенділік, дәлелді жауап, тапсырманы орындау сапасы ескеріледі.
Бүгін танысқанымыз:
Сын есімнің түрлері — дара және күрделі.
Өмірмен байланыс:
Дара және күрделі сын есімдерді күнделікті өмірде еркін қолдана аламыз: ақ көйлек, қара галстук, ақ бантик.
Сабақ соңында кері байланыс беріледі: әр оқушы өз ойын қысқаша айтып, бүгін не үйренгенін қорытындылайды.
VI. Үйге тапсырма
- 5-жаттығу, 130-бет.
- Ережені жаттау.