Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Шалқар ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі — Курманбекова Гүлден Жұмабекқызы.

Сабақтың тақырыбы

Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі-иллюстративтік
  • Репродуктивтік
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіру.
  • Музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық тұрғыдан сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.
  • Оқушыларды басқа халықтардың мәдениетімен таныстыру.
  • Әр ұлттың музыкалық шығармашылығындағы сұлулықты сезіне білуге баулу.

Тәрбиелілік

  • Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде ұлттардың мәдениетіне құрметпен қарауға, олардың әсемдігі мен музыкалық мұрасын түсіне білуге үйрету.
  • Егемен Қазақстанның өзге елдермен мәдени байланысы арқылы отансүйгіштікке, өзге ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  3. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Ой қозғау

Дауыс жаттығулары:

  • Сольфеджио (дирижерлау арқылы)
  • Легато
  • Гамма

III. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Қырғыз халқының музыкасы қандай?
  2. Қырғыз халқының музыкалық аспаптары қандай?
  3. Біздің республикамызда қандай халықтар мекендейді?
  4. Ұйғыр халқының музыкасы мен аспаптары қандай?
  5. Халықтарды халықпен байланыстыратын не? (достық, мәдениет, өнер)
  6. Симфониялық поэма дегеніміз не?
  7. Өзбек халқының музыкасы туралы не білесіңдер?
  8. Симфониялық поэма жазған қандай қазақстандық композиторды білесіңдер? (Қапан Мусин — «Жайлауда»)
  9. Қазақ халық музыкасын өз шығармаларында пайдаланған қандай орыс композиторларын білесіңдер? (С. Рахманинов)
  10. Қазақ халқының мол музыкалық мұрасын жинаған қандай музыка зерттеушісін білесіңдер? (А. Затаевич)

IV. Жаңа материалды меңгерту

Жаңа тақырыпты ашу үшін Б. Жақыптың «Тірі бәрі» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасалады. Өлең туған жер табиғатының үнемі қозғалыста, тіршілікте екенін бейнелейді.

Б. Жақып — «Тірі бәрі»

Сурет көріп туған жер келбетінен,

Табиғат бесігінде тербетілем.

Жел жүгіріп барады су бетімен,

Су жүгіріп барады жер бетімен.

Қалықтайды ақша бұлт көкті қармап,

Тұрақ таппай қаңғырып кетті қаңбақ.

Ұшып жүріп әуеде неше айналып,

Дала төсін қыран құс өтті барлап.

Қайың, емен, тал, терек тың-тыңдайды,

Лағыл сәуле бұлақта жылтылдайды.

Бір сәт аспан алқасы — Алтын Күнді,

Кең дүниенің көзінше бұлт ұрлайды.

Жолаушылар — Табиғат, Адам, Уақыт,

Келеді жер ғаламды аралатып.

…Білдіргісі келгендей тірі екенін,

Тау да тасын қояды домалатып.

Ақ шуаққа қыраттар жылынады,

Жапырақтың жан сырын гүл ұғады.

…Қозғалыс бар үздіксіз, сондықтан да

Тіршіліктің бәрі ояу, тірі бәрі.

Тақырыппен байланыс

Туған жердің сұлулығын музыка арқылы суреттейтін композиторлар ретінде М. П. Мусоргский мен Э. Григ шығармашылығына тоқталуға болады. Сабақта олардың өмірбаяны мен музыкалық туындылары таныстырылып, тыңдалған шығармалардың көңіл күйі мен көркемдік ерекшеліктері талданады.

V. Жаңа материалды бекіту

«Дайындық» кезеңінде музыканың түрлері ажыратылады: халықтық, композиторлық, кәсіби.

1-деңгей тапсырма

Тыңдалатын әуеннің жанрын анықтаңдар:

Ән
Би
Күй
Марш
1) Жауап:
2) Жауап:

VI. Сабақты қорытындылау

Оқушылар Венн диаграммасы арқылы қазақ және шетел композиторларының халық әндері мен музыкалық дәстүрлерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

VII. Бағалау

Бағалау оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындауы мен сабаққа белсенді қатысуы негізінде жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

Туған жердің сұлулығын бейнелейтін композиторлардың музыкалары мен сол тақырыпқа қатысты суреттерді зерттеп, мазмұндық және көркемдік тұрғыдан талдау жасау.