Көркем сурет арқылы Жеті қазынаны түсіндіру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы
Қатынас
Бөлім
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы
Жеті қазынаның бірі

Сабақтың мақсаты

  • Балаларға жеті санының киелі екенін мысалдар арқылы түсіндіру және суреттер бойынша ажырата білуге үйрету.
  • Жеті қазынаны атай білуге, елге елеулі қызмет ететін азамат болуға баулу.
  • Ертегі мазмұны бойынша нақты сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, анық әрі мәнерлі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге және дәріптеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сөздік жұмыс
  • Көрнекілік
  • Әңгімелеу
  • Сахналау

Көрнекі құралдар

  • «Жеті қазына» суреттері
  • Ойыншықтар
  • Цифрлар

Сөздік жұмыс

берен мылтық тазы ит жүйрік ат т.б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

Армысың, көк аспан!
Армысың, асыл жер!
Армысың, алтын күн!
Армысың, қонақтар!
Армысың, жандосым!
Жылуыма жылу қос —
Міне, менің қолым!

Өткенді пысықтау

  • Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін ретімен санайық: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демек, жеті күн бар.
  • Слайд арқылы сергіту сәтін тамашалау және суреттегі бөлшектерді санату.

Ой қозғау сұрақтары

  • Кемпірқосақта неше түс бар?
  • Көгілдір түс нені білдіреді?
  • Ту, Елтаңба, Әнұран — бұларды қалай атаймыз?
  • Математика сабағында 7 санына дейін санап үйренгенбіз — бірге қайталайық.

2) Жаңа сабақ

Бүгін бізге жабайы аңдар қонаққа келді. Оларды танисыңдар ма? Олар бүгінгі сабаққа қатысты сурет әкеліп, ертегіні сахналауға көмектескелі отыр.

Қазақ халқы жеті санын қасиетті, киелі сан деп есептейді. Көркем сурет арқылы «Жеті қазынаның» мәнін түсіндіріп, әрқайсысының атауы мен қасиетіне тоқталамыз.

«Жеті қазынаның бірі» — ертегі әлеміне саяхат (сахналық көрініс)

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті де ақылды — арыстан деп табады. Бірақ ит үн қатпайды.

Арыстан: «Сен неге үндемейсің?» — деп сұрайды. Ит: «Ең ақылды да қайратты — адам», — дейді. Бұған арыстан ашуланып, ит аңдардан бөлініп кетеді.

Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты. Осыдан «Ит — жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасқан.

3) Сергіту сәті

Анам самса пісірді,
Әкем сөре жинады,
Атам газет оқыды,
Әжем күрте тоқыды,
Әпкем еден жуады.
Осыны мен ұғынып,
Сыйладым мен гүл шоғын.

4) Бекіту сұрақтары

  1. 1 Ертегі қалай аталады?
  2. 2 Арыстан өзі туралы нені білгісі келді?
  3. 3 Аңдар (ертегі желісі бойынша) арыстанды қалай бағалады?
  4. 4 Арыстан итке не деді?
  5. 5 Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?
  6. 6 Неліктен итті «жеті қазынаның бірі» деп атаймыз?
  7. 7 Осы ертегіде арыстан, ит және басқа аңдар не айтқанын кім әңгімелеп береді?

Қорытынды: Ит — жеті қазынаның бірі. Ол адамға адал дос, сенімді серік әрі қорғаушы.

Күтілетін нәтиже

Білуі

Балалар қазақ халқында жеті санының қасиетті, киелі сан екенін біледі.

Меңгеруі

Жеті қазынаны атай алады, олардың қасиеттерін сипаттайды және ертегі арқылы тақырыпты толық меңгереді.