Оқушылардың сөздік қоры молайту

Lesson Study: 3-сынып, әдебиеттік оқу

3-сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша Lesson Study өткізілді. Сабақ Медеу Сәрсеке шығармашылығына арналған, негізгі мәтін — «Рәсім».

Сабақтың тақырыбы

Медеу Сәрсеке — «Рәсім»

Түйінді идея

Салт-дәстүр

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Мәтінмен жұмыс жасауға және сыни ойлауға бағыттау.
  • Оқушылардың сөздік қорын молайту.
  • Салт-дәстүр туралы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже

Сыни ойлау

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойды анықтай алады және сыни тұрғыдан пайымдайды.

Сөздік қор

Жаңа сөздерді меңгеріп, сөздік қоры жүйелі түрде толығады.

Таным

Салт-дәстүр ұғымын түсініп, оның мәнін мысал арқылы сипаттай алады.

Әдіс-тәсілдер және бағалау

Қолданылған жұмыс түрлері

  • Топтық жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Бағалау

  • Формативті бағалау
  • Критериалды бағалау
  • Табыс критерийін бірлесе анықтау және А4 парағына жазу

Ресурстар

Таратпа тапсырмалар Презентациялар А4 парағы Оқулық Кір қысқыш Жіп

Сабақтың құрылымы (ұйымдастыру кезеңі)

Ынтымақтастықты орнату

  • «Сәлемдесу» арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Топқа бөлу және топ жұмысын ұйымдастыру.

Қызығушылықты ояту

Сәйкестендір: «Рәсім» дегенді қалай түсінесіңдер?

Болжам: Бүгін қандай тақырып оқимыз деп ойлайсыңдар?

«Суреттер сөйлейді»: визуалды материал арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Медеу Сапаұлы Сәрсеке

Медеу Сәрсеке 1936 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.

1958 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітіріп, инженер-металлург мамандығын алған.

Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ғажайып сәуле» 1959 жылы жеке кітап болып жарық көрген.

Сабақта оқушылар автордың өмірбаянымен танысып, мәтін мазмұнын салт-дәстүр ұғымымен байланыстыра талдайды.