Тақтадан көшіріп жазу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы • №13 орта мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі: Науризова Оразхан

Алғы сөз

2-сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты — қазақ тілі сабақтарында алынған білімді одан әрі шыңдау. Сабақ барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру маңызды болса, ауызша айтқанын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтай отырып түсіру — күрделі әрі аса қажет дағдылардың бірі.

Неліктен бұл пән маңызды?

  • Каллиграфия ережелерін сабақ үстінде толық меңгерту әрдайым оңай емес; жүйелі жаттығу қажет.
  • Оқушының жазу мәдениетін қалыптастыруда пәннің рөлі ерекше.
  • Жатқа жазу, көшіріп жазу және шағын шығармалар зейінді, есту қабілетін және есте сақтауды дамытады.
  • Шығармашылық тапсырмалар оқушының қиялын дамытып, ой-өрісін және дүниетанымын кеңейтеді.
  • Көркем жазу сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді; сөздік қорды молайтып, сөйлеу тілін жетілдіреді.

Ұсынылып отырған күнтізбелік жоспар 2-сынып бағдарламасына сәйкестендірілген және 2012–2013 оқу жылында №13 орта мектеп-гимназиясының 2-сыныптарына арналған.

Күнтізбелік жоспар

«Көркем жазу» (таңдау пәні) • 2-сынып • 2012–2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы Сағаты Ескерту
1 Көркем жазуға үйренейік 1
2 Жіңішке дауыстыларды, жіңішке сөздерді көркем жазу 1
3 И, Ш, І бас әріптерін жазу 1
4 г, ғ, һ кіші әріптерін жазу 1
5 п, т, м, р кіші әріптерін жазу 1
6 Л, М, А бас әріптерін жазу 1
7 С бас және кіші әріптерін жазу 1
8 Е, Ё бас және кіші әріптерін жазу 1
9–10 У, Ұ, Ү, Ч бас және кіші әріптерін көркем жазу 2
11 Жатқа жазу (40-бет) 1 Дәптермен жұмыс
12 Мәтінді көшіріп жазу («Қоян», 42-бет) 1 Көшірме
13 б, ф кіші әріптерін жазу 1
14 Көшіріп жазу (42-бет) 1 Дәптермен жұмыс
15 Шығармашылық жұмыс: «Қыс» тақырыбына әңгіме құрастырып жазу 1 Шығармашылық
16 О о, Ө ө бас және кіші әріптерін жазу 1
17–18 Д д, З з, В в бас және кіші әріптерін жазу 2
19 Ч, жіңішкелік және жуандық белгілері, сондай-ақ Ы ы бас және кіші әріптерін көркем жазу 1
20 К к, Қ қ, Ң ң әріптерін көркем жазу 1
21 Н н, Ю ю бас және кіші әріптерін жазу 1
22 Г, Р, П, Т бас әріптерін көркем жазу 1
23 Тақтадан көшіріп жазу: «Қаңтар» (52-бет) 1 Көшірме
24 Жатқа жазу: «Ақ күшігім» (57-бет) 1 Диктант
25 Ц ц, Щ щ бас және кіші әріптерін жазу 1
26 Б б, Д д бас әріптерін жазу 1
27 Ә ә, Э э бас және кіші әріптерін жазу 1
28 Х х, Ж ж, Я я бас және кіші әріптерін жазу 1
29 Сөздерге дыбыстық талдау жасау 1 Талдау
30 Өлеңді қара сөзбен жазу 1 Жаттығу
31 Зат есім, етістік, сын есім, сан есімдерді жазу 1 Грамматика
32 Шағын шығарма жазу: «Көктем» 1 Шығармашылық
33 Сұрақтарға жауап жазу: мазмұндама 1 Жазба жұмыс
34 Ең үздік дәптер көрмесін ұйымдастыру 1 Қорытынды

Ескертпе

Жоспардағы бет нөмірлері көрсетілген тапсырмалар оқу дәптерлеріндегі мәтіндер мен жаттығуларға сүйеніп орындалады.