Аралас сабақ

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беру мектебі

Информатика пәні мұғалімі: Туралиева Гүлдана Серікқызы

Сабақтың тақырыбы

Алгоритм және оның атқарушылары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту.
  • Алгоритмнің негізгі ұғым екенін және қолдану аясының кең екенін көрсету.
  • Мысал арқылы алгоритмнің қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық

  • Алгоритмнің маңызын және қолдану салаларының кеңдігін түсіндіру.
  • Алгоритмге тән қасиеттер арқылы қарапайым алгоритмдер құра білу дағдысын дамыту.
  • Алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру туралы түсінікті қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

Қолданылатын құралдар мен сабақ түрі

Көрнекі құралдар

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақ барысы

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақты түсіндіру.
  4. Машықтық кезең (практикалық тапсырмалар).
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үй тапсырмасын беру.

I. Ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Түгендеу
  • Топқа бөлу
  • Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тест жұмысы (компьютерде орындалады) және сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыптың атауын анықтау.

Тест тапсырмалары

  1. 1. Берілген сурет бойынша ребусты шеш.

    • A. Монитор
    • B. Компьютер
    • C. Пернетақта
    • D. Модем
  2. 2. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

    • A. Соробан
    • B. Арифмометр
    • C. Калькулятор
    • D. Шоттар
  3. 3. Антивирус — бұл...

    • A. Вирустарды құруға арналған программа
    • B. Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
    • C. Файлдарды сығуға арналған программа
    • D. Файлдарды көшіруге арналған программа
  4. 4. Ақпарат қасиеті —

    • A. Дұрыстық, дәлдік
    • B. Өзектілік, құндылық
    • C. Шындық, толықтық
    • D. Барлық жауап дұрыс
  5. 5. Берілген сурет бойынша ребусты шеш.

    • A. Принтер
    • B. Пернетақта
    • C. Монитор
    • D. Тышқан
  6. 6. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсет.

    • A. Paint
    • B. Windows
    • C. Microsoft Word
    • D. WinRAR
  7. 7. Мұрағаттық файлдың құрамына не кіруі мүмкін?

    • A. Тек бума
    • B. Тек файл
    • C. Бума да, файл да
    • D. Бума да емес, файл да емес
  8. 8. Бірінші электрондық сандық есептеуіш машина қалай аталады?

    • A. БЭМС-2
    • B. АВС
    • C. ДВК
    • D. ENIAC
  9. 9. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы?

    • A. Үлкен интегралдық сызба
    • B. Интегралдық сызба
    • C. Транзистор
    • D. Электрондық шам (лампа)
  10. 10. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы?

    • A. Үлкен интегралдық сызба
    • B. Интегралдық сызба
    • C. Транзистор
    • D. Электрондық шам (лампа)

Сөзжұмбақ (жаңа тақырыпты ашу)

Сұрақтар

  1. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың. (Тышқан)
  2. Ақпарат тасымалдағыш. (Флешка)
  3. 1 байт — 8 битке тең.
  4. Ақпаратты шығару құрылғысы. (Монитор)
  5. Вирусқа қарсы программа. (Антивирус)
  6. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (Бит)
  7. Компьютерге енгізеді, қағазға басып береді. (Принтер)
  8. Дискіде ең аз орын алатын ақпарат түрі. (Мәтін)

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Информатикада алгоритм ұғымы ақпарат ұғымы сияқты негізгі түсініктердің бірі болып саналады. Алгоритм — есептің шешімін табуға мүмкіндік беретін әрекеттер тізбегін түсінікті әрі нақты түрде сипаттау.

Мысал: шай демдеу алгоритмі

  1. Басы
  2. Шәйнекті ыстық сумен шаю
  3. Шәйнекке шай салу
  4. Қайнаған су құю
  5. 3–5 минут күту
  6. Шайды шынаяққа құю
  7. Соңы

Алгоритмді құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Күнделікті өмірде біз алгоритмдермен үнемі кездесеміз: мектепке бару, сабақтарды ретімен оқу, кез келген ойынды ереже бойынша ойнау — бәрі де алгоритм.

Алгоритмдік жазбаларды құрастыру үдерісі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi түрінен шыққан.

Орындаушы және командалар жүйесі

Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға арналады. Орындаушы түсіне алатын және орындай алатын командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы

Алгоритм орындаушысы — құрастырылған алгоритм арқылы басқарылуы тиіс объект немесе субъект. Көп жағдайда орындаушы — адам. Адам әрекеттерінің саны шексіз: таңертең тұрудан бастап, кешке ұйықтағанға дейінгі күнделікті істердің барлығы алгоритм ретінде қарастырылуы мүмкін.

IV. Машықтық кезең

Практикалық тапсырма (1-топ)

Оқушылар суреттер бойынша кейіпкерлерді анықтап, «Бауырсақ» ертегісі негізінде алгоритм құрастырады.

Практикалық тапсырма (2-топ)

Ағаш отырғызу алгоритмін құрастыру.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы демалыс ұйымдастырылады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту

1) Қайсысы алгоритм?

Алгоритм

Үлкен дөңгелек сал. Оның үстіне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектің үстіне кіші дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлігіне шелектің суретін сал.

Алгоритм емес

Патшаның бұйрығы: «Мен білмейтін жаққа бар, мен білмейтін затты әкел».

Алгоритм емес

«Ластама!»

Алгоритм

Бірінші санды ал. Оған екінші санды қос. Нәтижесін екіге көбейт. Жауабын жаз.

2) Сұрақтар

  • Алгоритм дегеніміз не?
  • Алгоритм орындаушысына анықтама бер.
  • Берілген жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды ата:
Аяқкиім жөндеу
Тісті пломбылау
Көлікті жүргізу

Қорытындылау

  1. Алгоритмдер әртүрлі есептерді шешуде пайдаланылады.
  2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы беріледі: олар қарапайым және орындаушыға түсінікті болуы тиіс.
  3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді; орындаушыдан алгоритм құрастырушыға қарағанда аз білім талап етілуі мүмкін.
  4. Алгоритм нақты орындаушыға арналып құрылады.
  5. Алгоритмді орындау — командаларды ретімен орындау; орындаушы алгоритмді өз бетінше «ойлап» өзгертпейді.

VI. Үйге тапсырма және бағалау

Үйге тапсырма

  • «Алгоритм және оның атқарушылары» тақырыбын қайталау.
  • «Менің 1 күнім» тақырыбында алгоритм құрастырып келу.

Бағалау

Оқушылардың тест, сөзжұмбақ, практикалық тапсырмалар және бекіту кезеңіндегі жауаптары негізінде бағаланады.