Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы

Сынып математигі

Бұл сайыс оқушылардың математика пәні бойынша алған білімін бекітіп, шапшаңдық пен тапқырлықты дамытуға бағытталған. Қатысушылар қосымша материал ізденіп, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын нығайтады, ал командалық ортада ой бөлісу арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдайды.

Мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат

Оқушылардың білімін жан-жақты толықтырып, қосымша материалдар арқылы меңгеруін қадағалау; шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Білімділік

І тоқсан бойынша алған білімдерін сайыс барысында көрсету.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, сабаққа қызығушылықты ояту, ой бөлісу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Жүйелілікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқушыларды орын-орнына отырғызу.
  • Кештің мақсатымен таныстыру.

Кіріспе шумақтар

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген оқырман,
Қиындықта дем берер.

Бүгінгі кеш қызықты,
Көрермендер, халайық.
Ми-түйсікті қозғап қазір,
Биікке қанат қағайық.

Армысыздар, жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар!

Сайыскерлер

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған сыныбымыздың үздік математиктерін ортаға шақырамыз:

Аязбай Балғабек

Әбдікер Әбдімұрат

Оспан Эленора

Сәду Әлішер

Шынберген Нұрай

Темірбек Рамазан

Шәгіл Еламан

І тур — «Бәйге»

Бұл турда қатысушыларға 10 сұрақ қойылады. Жауаптарды берілген қағазға белгілейді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. 1. Теңдеу деп қандай теңдікті айтады?

    Құрамында мәнін табуға болатын әрпі бар теңдік.

  2. 2. Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы?

    P = 2(a + b)

  3. 3. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы?

    S = ab

  4. 4. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?

    V = abc

  5. 5. Жұп сандарды ата.

    2-ге бөлінетін сандар: 0, 2, 4, 6, 8, 10, ...

  6. 6. Жай сандар деп қандай сандарды атайды?

    1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар.

  7. 7. Құрама сан деп қандай сандарды айтамыз?

    Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар.

  8. 8. Ең үлкен үш таңбалы сан?

    999

  9. 9. Диаметр неше радиусқа тең?

    D = 2R

  10. 10. Ең кіші екі таңбалы сан?

    10

І тур аяқталған соң, сайыскерлердің ұпай саны хабарланып, келесі кезеңге өтеді.

ІІ тур — «Көкпар»

Шабыт сөз

Болашақ биіктерге қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп, алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

  • Тур І кезеңде аз ұпай жинаған оқушыдан басталады.
  • 6 тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
  • Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
  • Осы турдан кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.

I. Математика

  1. 1) ЕКОЕ(5, 3) — 15
  2. 2) Жай бөлшектерге қолданылатын амалдар: қосу, азайту, бөлу, көбейту
  3. 3) Радиус — шеңбердің кез келген нүктесін центрімен қосатын кесінді
  4. 4) 1/2 бөлшегінде: 1 — алым, 2 — бөлім
  5. 5) Санның квадраты — екінші дәреже

II. Қазақстан тарихы

  1. 1) Алғашқы адамдардың шаруашылығы — терімшілік
  2. 2) Қазақстанның астанасы — Астана
  3. 3) ҚР туының авторы — Ш. Ниязбеков
  4. 4) «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы — Ы. Алтынсарин
  5. 5) Шоқан Уәлихановтың шын есімі — Мұхаммед-Қанапия

III. Қазақ тілі

  1. 1) Барыс септігінің сұрақтары — кімге? неге?
  2. 2) Антоним сөздер — қарама-қарсы мағыналы сөздер
  3. 3) «Қызылорда» сөзінде — 4 буын
  4. 4) Орфография — жазу ережелерінің жиынтығы
  5. 5) «Алақай! Өмірге сәби келді!» — лепті сөйлем

IV. Қазақстан

  1. 1) Қазақстанмен шектесетін ел — Ресей
  2. 2) Қазақстанның алғашқы астанасы — Қызылорда
  3. 3) Қазақстанда облыс саны — 14
  4. 4) ҚР президенті — Н. Назарбаев
  5. 5) Қазақстандағы ең үлкен қала — Алматы

V. Спорт

  1. 1) Баскетболда алаңдағы ойыншы саны — 5
  2. 2) Футболда сыртқа шыққан доп — аут
  3. 3) 2004 ж. Афины Олимпиадасында бокстан алтын алған — Бахтияр Артаев
  4. 4) Футболда 1 тайм ұзақтығы — 45 минут
  5. 5) 2008 ж. Олимпиада өткен ел — Қытай

VI. Логикалық сұрақтар

  1. 1) Төртбұрыш үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, қанша бұрыш қалады? — 5
  2. 2) Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Қандай сандар? — 1, 2, 3
  3. 3) Төрт қойдың неше аяғы бар? — 16
  4. 4) Бір саннан 5-ті азайтқанда 10 қалды. Ол қандай сан? — 15
  5. 5) Жанұяда 7 ер баланың әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала? — 8

ІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы аз қатысушылар ойыннан шығарылады да, сайыс келесі кезеңге өтеді.

Келесі кезең — «Тіл өнері»

Ұстаным

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

  • Алдыңғы турлардағы ұпайлар сақталып, қосылып есептеледі.
  • 9 мақал-мәтел беріледі: қалып қойған сөзді тауып, оны үш тілде айту қажет.
  • Әр тілде дұрыс айтылған жауапқа 30 ұпай беріледі.
Мақал Жауабы (KZ / RU / EN)
1 Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. дос / друг / friend
2 Елу жылда ел жаңа. ел / страна / country
3 Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады. отыз / тридцать / thirty
4 Көп түкірсе — көл болар. көп / много / many
5 Өнер алды — қызыл тіл. қызыл / красный / red
6 Күйеу — мың жылдық, құда — жүз жылдық. жүз / сто / hundred
7 Атаға тартып ұл тумас, анаға қарап қыз туады. қыз / девушка / girl
8 Көп сөз — күміс, аз сөз — алтын. алтын / золото / gold
9 Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түсер. күш / сила / force

Шешуші тапсырма

Ойын соңында қалған екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі: 15 сіріңкені пайдаланып, «метр» сөзін құрастыру.

Қорытынды

Сайыс өз мәресіне жеткен соң, «Сынып математигі» атағына лайық оқушы мақтау қағазымен марапатталады.