Қарапайым амеба

Сабақтың тақырыбы

Жасыл эвглена — өсімдіктер мен жануарларға тән белгілерді қатар біріктіретін біржасушалы қарапайымдылар өкілі.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар жасыл эвглена туралы оқиды, топта жұмыс істеп мәтінді талдайды, қорытынды жасайды және формативті бағалау жүргізеді.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Тест
  • ЖИГСО 1
  • «5 жолды өлең»
  • Венн диаграммасы

Қолданылатын технология

СТО (сын тұрғысынан ойлау технологиясы).

I. Ұйымдастыру кезеңі

Топтық жұмыс

Бастау

  • Сәлемдесу.
  • Біржасушалылардың суреттері бойынша топқа бөлу.
  • Әр топ басшысын сайлау.
  • Бағалау парағын тарату.

Топтар

I топ

Амеба

II топ

Эвглена

III топ

Кірпікшелі кебісше

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып

«Амебалар. Қарапайым амеба» тақырыбы бойынша үйге шағын шығарма жазу, өлең жолдарын құрастыру және суретін салып келу тапсырылды.

Бекіту тәсілі

Үй жұмысын тест тапсырмалары арқылы бекіту.

Тест тапсырмалары (10 сұрақ)

Бір дұрыс жауап Жауап кілті берілген
  1. 1. Біржасушалы жалғанаяқты жәндік

    A) эвглена    B) амеба    C) кірпікшелі кебісше

  2. 2. Қарапайымдылардың неше мыңға жуық түрі белгілі?

    A) 25 000–70 000    B) 30 000–40 000    C) 15 000–20 000

  3. 3. Циста дегеніміз не?

    A) цитоплазма    B) ұя    C) қаптама

  4. 4. Амебаша қозғалатын біржасушалылардың екінші атауы

    A) гидралылар    B) тамыраяқтылар    C) табақшатәріздестер

  5. 5. «Амеба» сөзін грек тілінен аударғанда қазақша баламасын тап

    A) өзгергіш    B) ұқсастық    C) тасымалдау

  6. 6. Амеба жалғанаяқтары арқылы не істейді?

    A) секіреді, билейді    B) өседі    C) қозғалады, қорегін қармайды

  7. 7. Амеба немен тыныс алады?

    A) ауадағы оттегімен (O2)    B) суда еріген оттегімен (O2)    C) суда еріген көмірқышқыл газымен (CO2)

  8. 8. Амеба денесінің екіге тең бөлініп көбеюі қалай аталады?

    A) спора арқылы көбею    B) жынысты көбею    C) жыныссыз көбею

  9. 9. Қандай жағдайда амеба циста түзеді?

    A) қолайсыз    B) қолайлы    C) дұрыс жауап жоқ

  10. 10. Амеба немен қоректенеді?

    A) бунақденелілермен    B) ұсақ балдырлар, бактериялармен    C) балықтармен

Бағалау шкаласы

  • 9–10 дұрыс жауап — 5
  • 7–8 дұрыс жауап — 4
  • 5–6 дұрыс жауап — 3
  • 5-тен төмен2

Жауап кілті

1 — B, 2 — A, 3 — C, 4 — B, 5 — A, 6 — C, 7 — B, 8 — C, 9 — A, 10 — B

Сергіту сәті

«Амеба» ойыны.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту → Мағынаны ажырату

Қызығушылықты ояту

Жұмбақты шешу:

Күндіз қоректенгенде зат жинайды денеге,
Түнде қоректенгенде заттарды «жейді» неге?
Өсімдік пе, жәндік пе? Айтшы, мұнда не сыр бар?
Біржасушалы талшықты — бұл қай жәндік, балалар?

Жауабы: жасыл эвглена.

Бейнематериал

«Эвглена» тақырыбы бойынша бейне көрсетілім.

Мағынаны ажырату (ЖИГСО 1)

Әр топ оқушылары 1–5 сандары бойынша бөлінеді. Оқушылар өз нөміріне сай тапсырманы оқып, кейін бастапқы тобына оралып бір-біріне мазмұндап береді.

  • №1

    Талшықтылар класы: жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы, қозғалысы.

  • №2

    Эвгленаның қоректенуі.

  • №3

    Тыныс алуы, зәр шығаруы және жарықты сезуі.

  • №4

    Эвгленаның көбеюі.

  • №5

    Эвгленаның циста түзуі.

Сұрақ-жауап және бағалау

  • Үш топ бір-біріне екі сұрақтан дайындайды.
  • «Сұқ саусақ» стратегиясы арқылы жауап береді.
  • Формативті бағалау жүргізіледі.

IV. Сабақты бекіту

Тақырыптық бағыт

Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Постер қорғау

Әр топ постер дайындап, оны қорғайды.

Дарынды оқушымен жұмыс: Шкебаев Тимур.

Ой толғаныс

  • «5 жолды өлең» құрастыру.
  • Венн диаграммасы жасау.
  • Суретпен жұмыс: организмдерді анықтап, атауы мен дене бөліктерін жазу.

«5 жолды өлең» үлгісі

  1. 1. Зат есім (Кім? Не?).
  2. 2. Сын есім (Қандай?).
  3. 3. Етістік (Не істейді?).
  4. 4. 4 сөзден құралған сөйлем.
  5. 5. Балама сөз (синоним/түйін).

V. Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай азық алдыңдар? Не ұнады? Не ұнамады?

Оқушылар жауаптарын стикерге жазады.

Бағалау

Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы

  1. Эвгленаның құрылысын макет түрінде жасау.
  2. 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
  3. 5 тақырыпты қайталау және 20-беттегі сұрақтарға жауап жазу.