Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың білімді ғылыми негізде, сатылы, жүйелі әрі кешенді түрде меңгеруіне жағдай жасау; ұлттық құндылықтарды бағалай отырып, пәнді сауатты игеруге негіз қалау.
Дамыту міндеті
Қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін таныту; сөйлеу тілінің байлығын арттыру және әдеби жазу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті
Ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік және әріптестік секілді қасиеттерді дамыту.
Ұйымдастыру және әдістеме
- Сабақтың түрі
- Шығармашылық сабақ
- Сабақтың әдісі
- «Сатылай кешенді талдау» технологиясы; ізденушілік және зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру; тілдік талдаулар жасау.
- Пайдаланылған әдебиет
- Н. А. Оразақынова, «Практикалық қазақ тілі»
Сабақтың барысы
I–II. Ұйымдастыру және мақсат қою
- I. Ұйымдастыру бөлімі
- II. Сабақтың мақсатын хабарлау
III. Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме
Әр оқушы өз таңдауы бойынша дауысты дыбыстарды талдайды.
Үлгі дыбыс: Ө □ дауысты
-
1) Дауысты дыбыс
Себебі: дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады.
-
2) Тілдің қатысына қарай: тіл алды (жіңішке)
Себебі: дыбысты айтқанда тіл ұшы сәл алға созылып, үсті сәл төмендейді.
-
3) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай: жартылай ашық
Себебі: дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
-
4) Ерін мен езудің қатысына қарай: еріндік
Себебі: дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.
IV. Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме
Әр оқушы өз таңдауы бойынша дауыссыз дыбыстарды талдайды.
Үлгі дыбыс: Т △ дауыссыз
-
1) Дауыссыз дыбыс
Себебі: дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысылып шығады.
-
2) Үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң
Себебі: бұл дыбыс салдырдан ғана тұрады.
-
3) Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: шұғыл
Себебі: дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
-
4) Жасалу орнына қарай: тіл мен тіс
Себебі: дыбыс тіл мен тістің қатысуы арқылы жасалады.
V. «Атырау» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме
Оқушылар өз қалауы бойынша сөздерді таңдап, дыбыстық мінездеме береді.
Берілгені
Атырау: ○ дыбыс □ дауысты △ дауыссыз
Шешуі
- Сөзде 6 дыбыс бар.
- 3 дауысты: (а, а, ы)
- 3 дауыссыз: (т, р, у)
Ескерту
Талдау барысында дауыстылар мен дауыссыздар төмендегі өлшемдер бойынша жеке-жеке сипатталады.
□ Дауыстыларға мінездеме (а, а, ы)
-
1) Дауысты дыбыс
Себебі: ауа ауыз қуысында кедергісіз, еркін шығады.
-
2) Тілдің қатысына қарай: тіл арты (жуан)
Себебі: тіл ұшы сәл артқа тартылады, үсті сәл дөңестенеді.
-
3) Жақтың ашылуына қарай
(а) — ашық: жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.
(ы) — қысаң: жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады. -
4) Ерін мен езудің қатысына қарай: езулік
Себебі: ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.
△ Дауыссыздарға мінездеме (т, р, у)
-
1) Дауыссыз дыбыс
Себебі: ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысылып шығады.
-
2) Үн мен салдырдың қатысына қарай
(т) — қатаң: салдыр басым.
(р, у) — үнді: салдырдан гөрі үн басым. -
3) Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай
(т) — шұғыл: ауа кілт үзіліп шығады.
(р) — діріл: ауа діріл арқылы шығады. -
4) Жасалу орнына қарай
(т) — тіл мен тіс;
(р) — тіл алды.
VI. Фонологиялық талдау (сөз сазы)
Оқушылар өз таңдауы бойынша сөздерге фонологиялық талдау жасайды. Төменде үлгі ретінде «Жайық» сөзі берілген.
Үлгі сөз: Жайық
2 буын • 1 тасымал • екпін соңғы буында-
1) Буын түрі
Бұл сөз жуан буынды сөз, себебі құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
-
2) Буынға бөлу
Жа-йық болып 2 буынға бөлінеді, себебі сөз құрамында екі дауысты дыбыс бар.
-
3) Тасымал
Жа-йық болып бір рет тасымалданады, себебі тасымал буын жігіне сәйкес келеді.
-
4) Екпін
Екпін «йық» буынындағы «ы» дауысты дыбысына түседі.
-
5) Буын үндестігі
Буын үндестігі жоқ, себебі бұл — түбір сөз.
-
6) Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі жоқ, себебі бұл — түбір сөз.
VII. Туған жер, Отан және ана тілі туралы мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдерді айту және жалғасын табу тапсырмасы.
- 1) Туған жердей — …
- 2) Өзге елде сұлтан болғанша — …
- 3) Батыр майданда шынығады — …
- 4) Отансыз адам — …
- 5) Өнер алды — …
- 6) Отан — елдің анасы, — …
VIII. Шығармашылық жұмыс
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында оқушылардың жазған шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
IX–XI. Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау
IX. Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдарды жинақтау, талдау нәтижелерін қысқаша пысықтау.
X. Үйге тапсырма
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарға «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен дыбыстық талдауды жалғастыру.
- Сөздерге фонологиялық талдау жасау.
XI. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен орындалған тапсырмалар сапасына қарай бағалау.