Мамандық сөзіне анықтама беру

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пән

Әдебиеттік оқу

Тақырып

Кім болғым келеді? (М. Құрманалин)

Мақсат

  • Әр мамандықтың маңызын түсіну және мамандық түрлерін тану.
  • Өлең мазмұнын түсініп, әңгімелеуге жағдай жасау.
  • Топтық жұмыста еркін ойлауға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже

  • Өлеңді түсінеді.
  • Автор идеясын ашады.
  • Өз ойын жазбаша және ауызша жеткізеді.

Әдіс-тәсілдер

СТО Диалогтік оқыту

Оқыту формасы

Жаппай Топтық Жұптық

Қажетті жабдықтар

Интербелсенді тақта

Маркерлер

Ноутбук

Сабақтың басталуы

Психологиялық ахуал

Сабақ жылы атмосфера қалыптастырудан басталады: оқушылар бір-бірімен амандасып, көңіл күйін көтеретін қысқа өлең жолдарын хормен айтады.

Өлең (амандасу жаттығуы)

Күлім қағып қолымды, 1, 2, 3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме, қолымды мен бұлғайын.

Жылы жүзбенен маңдайынан сипайын.

Жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен қолыңды бер, қысайын.

Амандасып өзіңмен, құшақтап бір қысайын.

Топқа бөлу

Сынып қағаз қиындыларын тарату арқылы 4 топқа бөлінеді. Топтар мамандық иелеріне сәйкес аталады. Әр топ басшысы сайланып, жауап парағына топ мүшелерінің сабаққа қатысуын белгілеп отырады.

І топ — Ұстаз

Мәтінді мазмұндау.

ІІ топ — Дәрігер

Шығарманы оқу. «Қорқынышқа хат» немесе «Мен қорқынышты қалай жеңдім?» тақырыбында күлдіргі әңгіме жазу (өз басынан өткен бір қорыққан сәті туралы).

ІІІ топ — Әнші

Мақал-мәтел айту.

IV топ — Ғарышкер

Салыстыру кестесін құру: тақырыбы, авторы, оқиға орны, оқиға желісі, себебі, кейіпкердің тапқырлығы.

Тақырыпқа шығу

Психологиялық дайындық ретінде «Кім болғым келеді?» тақырыбындағы слайд көрсетіледі. Одан кейін ой қозғау сұрағы қойылады:

Сұрақ Ата-аналарыңның мамандығы туралы не айта аласыңдар?

Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Мұғалім жұмбақтап сипаттайды, оқушылар мамандықты табады. Бұл бөлім назарды шоғырландырып, жаңа тақырыпқа табиғи өтуді қамтамасыз етеді.

Оқу-білім бағдары, заманының бағбаны?

Ұстаз

Жаңалықтың жаршысы, қаламының жолшысы.

Журналист

Араша тұрар өлімге, қай маман бұл өмірде?

Дәрігер

Еңбек оның талабы, сүйікті әні — дала әні. Егін жайын мәпелеп, асырайды елін.

Диқаншы (агроном)

Қалағы бар қолында, кімді айттым ойымда?

Құрылысшы

Ожауы бар қолында, кімді айттым ойымда?

Аспаз

Күрегі бар қолында, кімді айттым ойымда?

Диқан

Жаңа сабақ

Кіріспе сұрақтар

Тақтадағы мамандыққа қатысты суреттер топтамасы бойынша не айта аласыңдар?

Сендер мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?

Ой қозғау

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы — білімді ұрпақ» деп, сендерге үлкен сенім білдіреді. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етесіңдер. Сондықтан «әлі кішкентаймыз» демей, осы күннен бастап мамандық таңдауды армандау маңызды.

Бүгінгі сабақ та мамандық таңдауға арналады.

Іштеріңде қазірдің өзінде болашақ мамандығын ойлап жүрген оқушылар бар ма?

Автор туралы

Мұхтар Құрманалин туралы қысқаша мәлімет беріледі (мұғалімнің кіріспе әңгімесі).

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
  • Әр мамандықты жеке оқып, ол туралы білетіндерін әңгімелеу.

«Мамандық» ұғымы

Профессия

Латын тіліндегі professio сөзінен шыққан, «анықталған іс, мамандық» деген мағынаны білдіреді.

Мамандық

Өмір сүру көзі болып табылатын және белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Талқылау сұрақтары

  1. 1 Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады?
  2. 2 Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрлерін қосар едің?

Топтық жұмыс

Әр топ өз атауына сәйкес тапсырманы орындайды. Мақсат — ойды жүйелеу, сөздік қорды байыту және ынтымақтастықта жұмыс істеу.

І топ — Ұстаз

«Бес жолды өлең» құрастыру.

  • Зат есім:
  • Сын есім:
  • Етістік:
  • Сөз тіркесі:
  • Мәндес сөз:

ІІ топ — Дәрігер

Сөзжұмбақ шешу.

  1. 1)

    Таумен тасты қашаған, әсем мүсін жасаған.

  2. 2)

    Оқу-білім ордасы, ұстаз — оның арнасы.

  3. 3)

    Болмасаң да ұқсап бақ, ғалымды көрсеңіз.

  4. 4)

    Бармағынан бал тамған — аспаз болғым келеді.

  5. 5)

    Тау мен тасты қопарар — кенші болғым келеді.