Тіл білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Орта ғасырдағы ғылымның дамуы және оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру, шығармаларының тарихи маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Тарихи-ғылыми еңбектерді талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды орынды қолдануға, олардан тәлім-тәрбие мен білім алуға, Отан тарихына қатысты деректерді ізденуге және тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақтылау, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Бетпе-бет» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап:

  1. Ислам діні қашан қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
  2. Ислам дінінің жергілікті жерлерде нығая бастағанын неден көруге болады?
  3. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары туралы не білесің?

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сәйкестендіру тесті арқылы білімді бекіту.

1) Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім

A) мазда    Ә) тотемизм    Б) зороастризм    В) тәңірлік

2) 751 жылғы Атлах шайқасында арабтармен бірлесіп Қытай әскеріне қарсы тұрған тайпа

A) үйсіндер    Ә) қарлұқтар    Б) ұйғырлар    В) түргештер

3) Араб қолбасшысы Қутейба ибн Муслимнің Шашты басып алған жылы

A) 633 ж.    Ә) 709 ж.    Б) 751 ж.    В) 714 ж.

4) Ежелгі Иран жерінде Заратуштра ілімі қалыптасқан ғасырлар

A) VII–IV ғғ.    Ә) VII–VIII ғғ.    Б) VI–VII ғғ.    В) VIII–IX ғғ.

5) Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні

A) ислам    Ә) зороастризм    Б) тотемизм    В) манихей

IV. Жаңа сабақ

1) Ғылымның дамуы

Әбу Насыр әл-Фараби (870–950)

Шығыстың әлемге әйгілі ғұламасы. Оқушыларға өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мәлімет беру үшін сурет, карта және тірек кестелерді қолдану ұсынылады. Әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты айналысып, ғылымның көптеген саласында еңбек қалдырған.

Әбу Райхан әл-Бируни

Энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина және басқа да салалар бойынша 150-ден астам еңбек жазған. «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» сияқты еңбектері бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.

2) Тіл білімінің дамуы

Махмұд Қашқари (1030–1090)

Ертедегі түрік тілін алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеп, түрік тілдерінің түсіндірме сөздігін жасаған. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі – қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғасырдың басында табылған.

3) Әдебиет және ой-толғам

Жүсіп Баласағұни (1021–1075)

XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы маңызды деректер «Құдатғу білік» еңбегінде кездеседі.

Ғалымдар бойынша қысқаша кесте

Ғалым Зерттеген салалары мен бағыттары Негізгі еңбектері
Әбу Насыр әл-Фараби (870–950) Философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, ботаника, музыка және т.б. «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» және т.б.
Махмұд Қашқари (1030–1090) Ертедегі түрік тілін ғылыми тұрғыда зерттеу, лексикография, тілтаным. «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің сөздігі)
Жүсіп Баласағұни (1021–1075) Әдебиет, философиялық ой, қоғамдық-саяси көзқарастар. «Құдатғу білік»

V. Жаңа сабақты қорытындылау

«Жұлдызды сәт» ойыны

  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
  2. Әбу Райхан әл-Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
  3. Махмұд Қашқаридың еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
  4. Қожа Ахмет Йасауидің әулиелігі неде?
  5. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра қандай?
  6. Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы кім?

VI. Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау

Сабақ барысындағы жауаптар, талдау және белсенділік негізінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

21-тақырып бойынша реферат жазып келу. Реферат құрылымы: ғалымның аты-жөні, зерттеген салалары мен бағыттары, еңбектері.